jasqazaq.kz

Түнгі көлік жарыстары жиі орын алады

16 қыркүйек 2016, 15:09

 

stritreysery

Астана мен Алматыда түнгі көлік жарыстары жиі орын алады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Автомотоспорт федерациясының президенті Марат Әбіқаев айтты.

«Өкінішке қарай, стритрейсерлердің (түнгі қаладағы көлік жарыстары) басым бөлігі Алматы мен Астана қалаларында орын алады.  Ол балалардың дені спортшылар емес. Біз оларды спорт алаңдары жолдарына тарту үшін жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Өйткені, олар спорттық шараларға қатысатын болса, онда осы уақытқа дейін айналысқан тірліктерін тоқтатады. Бұған қоса, спорт алаңдарына өздерінің достарын тартатын болады. Өкінішке қарай, оларды өзіңе тартудан өзге ықпал ету тетігі жоқ. Сондықтан, мұнымен құқық қорғау органдар айналысады және біз олармен тығыз жұмыс істеуге тырысамыз», – деді ол.

БҰҰ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі арнаулы өкілі Жан Тодт та стритрейсер жайына тоқталып, бұл мәселені Астана мен Алматы әкімдерімен және Үкімет мүшелерімен жан-жақты талқылағандығын атап өтті.

«Әрине, түнгі көлік жарысы тек Астана мен Алматыда ғана емес бүкіл әлемде орын алады. Бұл көлік жүргізудің өте қауіпті түрі. Көлік жүргізудің арнайы талаптары мен ережелері болуы тиіс. Мұнан бөлек, олардың көлікпен өте жоғары жылдамдықта жарысуларына мүмкіндік беретін арнайы жабдықталған орындардың да болғаны жөн», – деді Ж.Тодт.

 

ҚазАқпарат 

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде