jasqazaq.kz

Төлешевтің қоластында қарулы қақтығысқа сақадай-сай 90 жігіт болған

11 шiлде 2016, 15:26

20160711132439

Мемлекетте төңкеріс жасауға әрекеттенген бұрынғы бизнесмен Тоқтар Төлешев 90 қарулы адамды жан-жақты дайындықтан өткізген. Бұл туралы бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің өкілі Руслан Қарасев мәлім етті.

Руслан Қарасевтің айтуынша, Төлешев өзімен сыбайлас трансұлттық қылмыстық топтардың қатысуымен Шымкент аумағында бірнеше рет жиын өткізген. Оларға жиын өткізіп берген Тоқтар Төлешев Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық топтары арасында бедел жинап, криминалды мәселелерді «реттегені» үшін ақша алып отырған.

— Тергеу анықтағандай, қылмыстық амбициясын жүзеге асырып, беделін арттыра түсу үшін ол өз кәсіпорындарының күзет қызметі базасында өзінің ұйымдасқан қылмыстық тобын құрып, қарумен жарақтандырған. Төлешевтің қоластында әскери дайындықтан өткен, кез келген қақтығысқа сақадай-сай 90 жігіт болған, — деді Руслан Қарасев.

Оның айтуынша, Тоқтар Төлешев өзінің бұл әрекеттері сырттай заңды көріну үшін алдымен «СМЕРШ», кейіннен «Вымпел групп» атты күзет фирмасын тіркеген.

Ал бұл қылмыстық топ адамдарға зәбір көрсетіп, ұрып-соққан сәттерін бейне камераға түсіріп отырған.

— Тоқтар Төлешевтің бұйрығымен оның қылмыстық тобы адам өлтіріп, заңсыз адам ұрлап, оларды ұрып-соғатын болған. Адамға зәбір көрсету сәттері фото және бейне камераға түсіріліп отырған, — дейді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми өкілі.

Осы қылмыстық іс бойынша Төлешевті тінту кезінде бұл материалдық заттар тәркіленген. Бейнежазбалардағы адамдардың кім екендігі анықталған, енді олар сотта куәгер және зардап шегуші ретінде сөз сөйлейді.

kaz.365info.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде