jasqazaq.kz

Төлешев ісі: тұтас клан жауапқа тартылды

11 шiлде 2016, 15:08

dcfc9-clip-89kb

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астанада өткен баспасөз мәслихатында Тоқтар Төлешовке қатысты қылмыстық істің негізгі эпизодтары бойынша тергеу аяқталғанын хабарлады.

ҰҚК мәлімдеуінше, Төлешов ісі бойынша 25 адам жауапқа тартылған және 300 жуық адам куәгер ретінде жауап беріп жатыр.

Комитет өзі таратқан мәлімдемеде «Төлешов трансұлттық қылмыстық қауымдастықты қаржыландырған және қаруланған топты құрып, басқарған.
Ол басқарған қылмыстық топ адам өлтіру, қастандық жасау, адам ұрлау, заңсыз бостандықтан айыру, қарақшылық қылмыстарын жасаған» деп жазған.

ҰҚК Төлешов пен оның сыйбайластары Қазақстан аумағында жаппай тәртіпсіздік пен наразылық акцияларын ұйымдастыру арқылы билікті күшпен тартып алмақ болғанын да мәлімдеді.

Қаңтарда ұсталған кәсіпкер Тоқтар Төлешовті қамауға алу туралы санкцияны Астананың Алматы аудандық 2-соты ақпанның 1-і күні шығарған еді. Төлешов қылмыстық кодекстің 266-бабы («қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыру, сол сияқты мүлікті сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзірлеу») және 297-бабы («Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу») бойынша күдікті деп танылған.

kaz.365info.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде