jasqazaq.kz

Сүттің бір литрі — 2812 теңге. Павлодардағы балабақшалардың ақша жасау схемасы әшкереленді

17 ақпан 2025, 15:46

Павлодар қаласының прокуратурасы балабақшалардың азық-түлік өнімдерін жоғары бағамен сатып алу фактілерінің жолын кесті, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, №23 бөбекжай мемлекеттік сатып алу порталында 18 000 литр сүт 50 620 500 теңгеге, яғни литрі 2 812 теңгеден сатып алу туралы хабарландыру жарияланған. Шындығында, майлылығы 2,5% сүттің литрі 345 теңгеден аспайды. Демек №23 бөбекжай-бақшаның литрі 2 812 теңгеге сүт сатып алуы 44 410 500 теңге көлемінде бюджет қаржысын артық және негізсіз жұмсауға себеп болып отыр.

Басқа жағдайда, № 102 бөбекжай жалпы сомасы 19 455 783,6 теңгеге немесе бір кило картопты 1340 теңгеден есептеп, 14 520 кг картоп сатып алмақ болған.
Ал қала дүкендерінде картоп 120 теңге/кг (әлеуметтік баға) және жеке меншік дүкендерде бір килосы 380 теңгеге сатылады.
Тексеруден кейін бұл өнімдерді сатып алуға тыйым салынды. Азық-түлікті сатып алу бағасы төмендетілді, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.

JQ-Aqparat

Фото: pixabay

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі