jasqazaq.kz

Сырым Шәріпханов: Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жауапкершілігі артады

08 желтоқсан 2023, 12:37


Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жауапкершілігін күшейту мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы Сенатта азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру тақырыбындағы парламенттік тыңдау барысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов айтты.
«Жыл сайын қауіпті өндірістік нысандарда 20-ға жуық ірі апат болады. Негізінен жүк көтергіш механизмдерді пайдаланатын нысандарда, тау-кен және мұнай-газ өнеркәсіптерінде осындай оқиғалар тіркеліп жатады. Өндірістердің технологиялық жабдықтары күн өткен сайын тозып келеді. Кәсіпорындар көбінесе қауіпсіздік мәселелерін елемей, басымдықты қауіпсіздікке емес, пайда табуға қойған. Нәтижесінде осы жылғы 9 маусымда «Шығыс Қаратұрын» кен орнында ашық фонтан атқылады, 17 тамызда «Арселор Миттал Теміртаудың» «Қазақстан» шахтасында ірі өрт болды, 28 қазанда «Костенко атындағы» шахтада жарылыс болды», — деді С. Шәріпханов.
Бұл тұрғыда ол көбіне өндірістік бақылау қызметі немқұрайлы жұмыс істейтінін және олар анықталған кемшіліктерді жасыратынын айтты.
«Басты себептің бірі — олар дербес өндірістік бақылау қызметі санатына жатпайды, яғни басқа қосалқы қызметтердің құрамына енгізілген, бірінші басшымен тікелей байланыс жоқ. Өндірістік апаттардың алдын алу мақсатында ұйымның бірінші басшысына тікелей бағынатын жеке-дербес өндірістік бақылау қызметін құру бойынша ұйымдарға нақты міндет бекіту керек. Министрлікке қауіпті өндірістік объектілерді жаңарту мен техникалық қайта жарақтандыру жоспарын келісу, сондай-ақ ұйымдардың оны уақтылы орындау міндетін бекіту бойынша өкілеттіктер беру ұсынылды», — деді ведомство басшысы.
Оның сөзіне қарағанда, қазір кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жауапкершілігін қатаңдату мәселесі пысықталып жатыр.
«Бұдан басқа, жүргізілетін профилактикалық жұмыстар аясында кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің позицияларын күшейту бөлігінде қолданыстағы заңнаманы, сондай-ақ жеке құрамның штат санын есептеу нормативтерін, жарақтандыру нормаларын қайта қарау бойынша жұмыстар атқарылады», — деді министр.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі