Сырым Сәрсебеков: Басты мақсат — халықты тұрақты жұмыспен қамту

16 мамыр 2023, 15:45

Алматы облысында жұртты жұмыспен қамту қалай жүзеге асуда? Жастарға қандай мемлекеттік бағдарлама қарастырылған? Осы сауалдарға Алматы облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмыспен қамту және әлеуметтік әріптестік бөлімінің басшысы Сырым Сәрсебеков жауап берді.

— Сырым мырза, халықты жұмыспен қамту орталығының басты мақсаты — тұрғындарды жұмыспен қамту. Осыған орай, облыс тұрғындары қандай бағдарлама арқылы жұмыспен қамтылып жатыр?

— Биыл облыс бойынша кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылға арналған ұлттық жобасы шеңберінде тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға 10,4 млрд теңге бөлінді. Жобаға 16,4 мың өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат қатысады. Биыл сәуірдегі есеп бойынша, 13 837 адам жұмыспен қамтылды.
Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылға арналған жобасына 22484 адам жүгінді. Оның ішінде 18792 адам — Ұлттық жобаға қатысушы.

Жоба аясында орта жастағы 845 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдау жоспарлануда. Оны жүзеге асыру үшін 299,6 млн теңге бөлінді. Биыл «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 1660 адамды кәсіпкерлік негіздерін оқиды.
Мемлекеттік грант беруге 400 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін 259 адамға 357,4 млн теңге бөлінді. Биыл облыста 400 АЕК мөлшерінде 174 адамға мемлекеттік грант берілді.
Жастар практикасы 981 адамды, әлеуметтік жұмыс орыны — 569 адамды, мүгедектерге арналған әлеуметтік жұмыс орны 10 адамды, қоғамдық жұмысқа 6184 адамды, алғашқы жұмыс орнына 586 адамды, ұрпақтар келісімшартына 46 адамды, күміс жасқа 975 адамды, enbek.kz платформасында 3444 адамды онлайн оқыту жоспарда бар.

— Жыл басынан бері мемлекеттік бағдарлама аясында қанша адам жұмыспен қамтылғанын айттыңыз. Жалпы облыс қай саланың мамандарына мұқтаж?

— Өңірдің әлеуеті өте жоғары. Өңір ауыл шаруашылығы мамандарына мұқтаж. «Еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жобасы аясында» — 184 адам, «Жасыл Қазақстан» — 85 адам, «Еліміздің әл-ауқатын арттыруға» — 30 адам, «Білімді ұлт» — 11 адам, «Қуатты өңірлер» — 7 адам, «Рухани жаңғыру» — 1 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

— Бүгінде жастардың, әлеуметтік осал топтардың жұмыспен қамтылуы өзекті мәселе. Оларға арналған қандай арнайы бағдарлама бар?

— Әрине жастар біздің басты байлығымыз. Биыл жұмыспен 35 жасқа дейінгі 6742 адам қамтылды. 4223 адам жұмысқа орналасты, оның ішінде тұрақты жұмыспен 1913 адам қамтылды. Қоғамдық жұмысқа — 1556, әлеуметтік жұмысқа – 133, жастар практикасына — 275 түлек, ұрпақтар келісімшартына — 9, алғашқы жұмыс орнына – 337 адам жолданды. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға — 2394 адам, қысқа мерзімді оқытуға-56 адам жіберілді, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 69 жас азаматқа грант берілді. Ағымдағы жылы 400 АЕК мөлшерінде 259 адамға грант беріледі. Грант халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі. Оларға атаулы әлеуметтік көмек, көп балалы мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдар жатады. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал тобына жататындар ұлттық жоба аясында жұмыспен қамтылады. Тұрғындар кез келген уақытта бос жұмыс орыны туралы ақпаратпен қамтылады.

Мақпал Ноғайбаева,
Алматы облысы

18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
16 сәуiр, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді
12 сәуiр, 12:11
Түркістан: Сайрам ауданында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде
12 сәуiр, 12:10
Түркістан: Жетісай полицейлері «Заң және тәртіп» жобасын іске асыруда
11 сәуiр, 16:06
«Нөлдік төзімділік»: Түркістан полициясы 700-ден астам құқық бұзушыны анықтады
11 сәуiр, 15:50
Түркістан: Алаяқтар қашып құтылмайды