jasqazaq.kz

Сырым ауданында студенттік құрылыс жасақтары жұмысқа кірісті

15 маусым 2024, 21:09

Сырым ауданында студенттік құрылыс жасағы жұмысын бастады. Қазіргі таңда Жымпиты, Бұлдырты, Өлеңті және Көздіғара ауылдарында үйі тасқынннан зардап шеккен тұрғындар үшін 114 жаңа баспана бой көтеруде. Құрылыс жасағындағы 50 студент жаз бойы қоныстойды жақындатуға үлес қоспақ.

Ауылдағы жұмыссыз жастар үшін игілікті жобаны ұсынған — “Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы.

Бүгін Жымпитыда еңбек сарбаздарын салтанатты қатарға қабылдау шарасы өтті. Шараға Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов, «Ауыл» партиясы Төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов, Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Медкат Қамбетов қатысты.

— “Ауыл” партиясының жаңа жобасының Сырым ауданында бастау алғанына қуаныштымыз. Бұл жоба жастарды еңбекке баулып, халықтың мұң-мұқтажын іштен сезініп, Отанға деген сүйіспеншіліктерінің арта түсуіне оңынан әсер етеді деп сенемін. Баспанасыз қалған азаматтар жылы ұяларымен тезірек қауышуына тілектеспіз. Халқымыздың әр азаматы қолынан келгенше осы жолда қызмет етсін! — деді аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов.

Құрылыс жасағының қарарын командир Мейрамбек Батыргереев тапсырды. Белсенді студент Әсет Мырзағалиев қатарластарын жауапты жұмыс атқаруға шақырды. Айта кетейік, “Ауыл” партиясының жанындағы жастар қанаты төтенше жағдай уағында халықпен бірге болды.

— Төтенше жағдай жарияланған күннен бастап өңірлік партия филиалының ұжымы және «Ауыл жастары» қанатының 70 — тен астам еріктілері бөгет жұмыстарын жүргізуге, апат салдарын жоюға барынша атсалысты. Партия тарапынан еріктілер құрамы жасақталып, кең көлемде гуманитарлық көмек ұйымдастырылды. Біздің жастарымыздың бастамасымен өңірімізге екі жүк көлігімен 25 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізіліп, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға таратылды. — дейді жастар қанатының төрағасы Дәурен Рахымбек.

Жас құрылысшылар салтанатты жиыннан кейін тіке құрылыс нысандарына аттанып, жұмыс күнін бастап та кетті. Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Жолдыбайұлы “Ауыл” партиясының өкілдерімен бірге салтанатты кірпіш қалауға қатысты.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

JQ-Aqparat

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі