jasqazaq.kz

«Сұңқар» арнайы жасағы халықаралық жарыста алтын медаль жеңіп алды

02 ақпан 2025, 20:08

Ішкі істер министрлігінің «Сұңқар» арнайы жасағы Дубайда өткен SWAT Challenge халықаралық жарысында алтын медаль жеңіп алды.
24.kz арнасы хабарлағандай, ішкі істер министрлігінің «Сұңқар» арнайы жасағы Біріккен Араб Әмірліктерінде (Дубай) өткен SWAT Challenge халықаралық жарысында бас жүлдені иеленді. Біздің жауынгерлер ең жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты.
Қазақстандық басқа арнайы жасақтар – «Арыстан», «Сардар» және «Арлан» да үздік нәтиже көрсетіп, жарыстың ТОП-10 қатарына енді. «Сұңқар» арнайы жасағы жарыстың бірінші кезеңін 1 минут 34 секундта аяқтады. Осы уақыт ішінде олар кедергілерден өтіп, нысаналарды дәл көздеп, шартты тұтқындарды босатты. Бұл көрсеткішке тек қытайлық командалар жақындай алды, бірақ айырмашылық өте аз болды.
Бұл арнайы жасақтар үшін өздерінің дайындықтарын көрсетуге тамаша мүмкіндік. Мемлекет басшысының және Үкіметтің қолдауының арқасында оларға үлкен көңіл бөлінеді. Олар арнайы жабдықтармен, қару-жарақпен қамтамасыз етілген және лаңкестікке қарсы операцияларды сәтті өткізу үшін күшейтілген дайындықтан өтеді, — деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары, Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Әнсаған Балтабеков.
Биылғы жылы Қазақстаннан алғаш рет әйелдер құрамасы – «Томирис» қатысып отыр. Бұл командаға еліміздің әр өңірінен ең үздік арнайы жасақ жауынгерлері іріктелді.
Команда атауын өзіміз таңдадық. Себебі Томирис – жауынгер қыз. Біз осылайша қазақстандық әйелдердің неге қабілетті екенін көрсеткіміз келді, — дейді команда капитаны Айнағүл Байжігітова.
SWAT Challenge халықаралық жарысына 80-нен астам елден 106 команда қатысуда. Қазақстан 12 арнайы бөлімшемен ұсынылған. Олардың қатарында Ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік күзет қызметі және полиция департаменттері бар. Жарыс әлі төрт күн бойы жалғасады.

22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы ортасы қалыптасып келеді
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық