
Елімізде жастар саясаты – айрықша назарда. Жастарды қолдауға мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар қабылданып, жемісті түрде жүзеге асырылып келеді.
Киелі Түркістан өңіріндегі жалынды жастар да ел дамуына араласып, туған өлкесін өркендету ісінде аянып қалмайды. Өңірдің әр елді мекенінде Жастар ресурстық орталықтары жанданып, ауыл жастарының жан-жақты дамуына зор үлес қосады. Біз бұл жолы Түркістан облысына қарасты Мақтаарал аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Сүндет Кенжебаевпен арнайы сұхбаттасып, аудандағы жастар саясатының қалай жүзеге асып жатқанын сұрадық.
— Сүндет мырза, болшағымыздың дамуы — жастарымыздың қолында. Осы ретте аудан жастарының көшбасшысы ретінде айтыңызшы, аймақтағы жастардың әлеуеті қандай? Ауыл жастары мемлекеттің жастарға арналған бағдарламаларымен таныс па? Жалпы аудан жастарының тыныс-тіршілігіне тоқталып өтсеңіз.
— Әрине, мемлекетті жастарсыз елестету мүмкін емес. Өйткені елімізді танытатын да, дамытатын да — жастар. Біздің Мақтаарал ауданы — Мырзашөл өңіріндегі ең ірі аудан. 2018 жылы ауданның тарихи атауы қайтарылып, Мақтаарал ауданы болып атала бастады. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырзаның жарлығымен жастар санаты 14-35 жас болып өзгертілді. Қазіргі таңда аудан жастарының саны 42064 жасқа жетті.

Еліміздің болашағы жастар екені бәрімізге белгілі. Қазіргі таңда Мақтаарал ауданы бойынша жастар саясатын жүзеге асыруға аудан жастарының үлесі зор. Атап айтар болсақ, мәдениет, спорт, білім саласында. Соның ішінде спорт саласы да жақсы көрсеткішке ие. Республика көлемінде жетістікке жетіп жатқан жастарымыз да аз емес. Волейбол, баскетбол, футбол, гандбол, грек-рим күресі бойынша жоғары нәтиже көрсетіп жатқан жастарымыз бар. Осы ретте ауданымыздың мақтанышы Махсуда Сайфудинқызы Жаппарованы ерекше атап өткім келеді. Ол бүгінде аралас жекпе-жек бойынша әлемдік додалардың жүлдегері. NOMAD MMA спортынан ашық Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Сонымен қатар кәсіпқойлар арасында аралас жекпе-жектің 4 дүркін чемпионы. Қазіргі таңда мемлекеттік бағдарлама ARTSPORT бойынша 20-ға жуық спорт мектебі ашылып 6000-ға жуық оқушы түрлі спорт түрінен дайындық жүргізуде. Мәдениет саласы да ауданымызда белсенді жастардың қатысуымен қарыштап дамып келеді. Аудан бойынша мәдениет саласы бойынша түрлі бағыттағы іс-шаралар жиі ұйымдастырылуда. Атап айтар болсақ: интеллекуалдық ойындар, пікірсайыс, жайдарман және т.б. Халықаралық, респубиликалық деңгейде өнер көрсетіп, жетістікке жетіп жатқан жайдарман топтары бар. Мақтаарал жастарының құрамасы Жайдарман жоғарғы лига сының чемпионы болды. Білім саласы бойынша 14-18 жас аралығындағы мектеп оқушылары республикалық, облыстық деңгейде түрлі ғылыми жобаларды қорғап және робототехника бағыты бойынша үздіктер қатыранда. Жастар саясатын дамытуда аудан жастары өте белсенді әрі барлығы әр істің жоғарғы деңгейде өткізілуіне барынша үлес қосуда. Аудан жастарын елімідегі жүргізіліп отырған жастар саясаты бойынша хабардар ету мақсатында түрлі бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылуда. Тұлғалық даму, өзін-өзі дамыту, коуч, қоғам белсенділермен кездесу, әр түрлі бағыттағы семинар тренингтер, дөңгелек үстел, пікірсайыс ойындары ұйымдастырылуда. Нәтижесінде аудан жастарының тың идеяларын, ауданның жастар саясатын дамытуға деген қызығушылығын байқауға болады. Сонымен қатар аудан жастарын қоғамдық белсенділікті дамыту, жастар саясатын қолдау мақсатында ауданымыздың егістік алқаптары, мал шаруашылығы, өнеркәсіп нысандарымен таныстырылып қоғам белсендісі болуға және жастар көсбасшысы болуға күш берудеміз.
— Аудан жастарының бос уақытын тиімді өткізу мен тұрақты жұмыспен қамтылу қалай жүзеге асырылуда?
— Жастардың жұмыспен қамтылуы, уақытын тиімді пайдалану мақсатында маңызды іс-шаралар ұйымдастырылуда. Қазіргі таңда елімізде жүзеге асып жатқан мемлекеттік бағдарламалар аудан жастарына зор үлесін қосуда. Жастардың жұмыспен қамтылуы бойынша «Алғашқы жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыс», «Жастар практикасы» бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, үнпарақтар таратылуда. Сонымен қатар аудан бойынша NEET санатындағы жастардың базасы жинақталып кент және ауылдық округтерден жастар анықталған. NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамту ауданымызды ең өзекті мәселесі. NEET санатындағы жастар жастарды жұмыспен қамту мақсатында ауданымыздағы жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының мердігерлерімен келіссөз жүргізіп құрылыс жұмыстарына аудан жастарын қамтудамыз. Нәтижесінде аудан жастарының жұмыссыздық деңгейін төмендетіп NEET санатындағы жастарды қолдаудамыз. «Әлеуметтік инновациялар мен кәсіпкерлік үшін жасөспірімдер мен жастардың дағдыларын дамыту» тақырыбында семинар-тренинг болып өтті.Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық» орталығы Қазақстанда Generation Unlimited (ЮНИСЕФ) аясында Жастар қызметкерлері қауымдастығымен бірлесе отырып, жасөспірімдер мен жастарды оқыту, жұмысқа орналастыру және лайықты еңбек ету құзыреттеріне оқыту модулін дайындау бағдарламасын іске қосты. Бағдарламаның бірінші кезеңі өңірлік жаттықтырушыларды даярлауға арналған 7-күндік курс болды.

Оның барысында бейресми білім беру жаттықтырушыларының қоғамдастығы құрылды. Бұл қоғамдастық кәсіби қарым-қатынас негізінде және бейресми білім беру қағидаттары негізінде жаттықтырушыларды біріктіретін, жасөспірімдер мен жастардың оқу, жұмысқа орналасу және лайықты жұмыс дағдыларын дамыту Бағдарламасын іске асыру үшін тиімді экожүйе құратын қарқынды дамып келе жатқан сараптамалық орта болып табылады. Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы КММ-нің ұйымдастыруымен «Бизнестің жол картасы — 2025» жобасы аясында қайтарымсыз грант алып өз кәсібін ашып, халыққа қызмет жасап жатқан, жас кәсіпкер Серік Кұрманбеков мырзамен кездесу болып өтті. Кездесу барысында ауыл жастарына мемлекет тарапынан берілетін мүмкіндіктерді тиімді пайдалану арқылы, жүйелі жұмыс жасауға болатындығы айтылды.

Біздің орталық ауыл жастарына «Дипломмен ауылға» бағдарламасын да түсіндіреді. Бағдарламаның басты мақсаты — жастарды ынталандыру, мемлекет тарапынан көтерме ақы мен баспана алуға жеңілдетілген несие ұсыну. Түсіндірме жұмыстары Атакент кентінің тұрғындарына жүргізілді. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы маман ауылдық елдімекенге жұмысқа орналасқан жағдайда «Дипломмен ауылға» жобасы аясында тек қана 70 айлық есептік көрсеткішке тең сомада бір жолғы көтерме жәрдемақы және қажеттілігіне қарай тұрғын үй салу немесе сатып алу үшін 1500 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада 15 жылға дейінгі мерзімге жылдық 0,01 пайыз мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесімен бюжеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын алу мүмкіндігі бар. Әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылған маман ауылдық елдімекенде кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндеттеме алады. «Дипломмен — ауылға» мемлекеттік бағдарламасының шарапаты мол. Сол себепті, жастарды ауылды гүлдендіріп, ауылды көркейту үшін ауылда еңбек етуге шақырамыз.
— Жастардың білім алуы мен кәсіппен айналысу мақсатында қандай іс-шаралар жүргізілуде?
— Біз аудан жастарына орталық тарапынан үнемі қолдау көрсетеміз. Әсіресе, мемлекеттік бағдарламалар бойынша іс-шаралар жиі ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Жастардың білім алуы бойынша барлық жағдайлар жасалып ауданымыздың үздіктерінің 70 пайыз ЖОО грантқа түсуге мүмкіндік алып жатыр. Сонымен қатар «Серпін-2050» бағдарламасы бойынща еліміздің Солтүстік өңіріне оқуға түсетін жастарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 15 маусым күні Мақтаарал ауданының төтенше жағдайлар басқармасы жазғы сауықтыру лагерінде демалушы балаларға «Өрт қауіпсіздігі», «Суда шомылу кезіндегі 10 маңызды ереже» тақырыбы аясында теориялық және практикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сауалдарына жауап алып, жадынама, ақпараттық парақшалар таратты.

«2021 – 2025 жылдар аралығында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 14-35 жас аралығындағы жас кәсіпкерлерге қолдау мақсатында «Жұмыспен қамту орталығы», «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы және Жастар ресурстық орталығы мамандарының ұйымдастырумен 2,5 пайыз төмен пайызбен шағын және кез келген нысандағы бизнестерге NEET санатындағы жастарға «Есіктен есікке» акциясы адам көп шоғырланған жерлермен барлық елдімекендерге және кешкі уақыттағы аудан алаңдарында 17 584 жасқа түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, үнпарақшалар таратылып және әлеуметтік желілерге 161 пост жарияланды. Жергілікті телеарнаға үш рет Облыстық телеарналарға 2 рет және Республикалық 24 хабар телеарнасына 1 рет насихат жұмыстары жарияланды. Аудан бойынша 2,5 пайыз несие бойынша 57 жас облысқа құжат тапсырып нәтижесін күтуде. Сонымен қатар NEET санатындағы жастардың базасы жинақталып арнайы даму картасы әзірленіп, жұмыспен қамту бойынша түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша ауданымыздың елді мекендері мен білім беру ұйымдарында «Отбасы банкі» мамандарының қатысуымен тұрғын үй бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Ақылы қоғамдық жұмыс», «Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға», «Алғашы жұмыс орны», «Бизнестің жол картасы» 2,5 пайыз несие мемлекеттік бағдарламалары бойынша бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес, арнайы үнпарақшалар таратылып, түсіндірме жұмыстары аудан көлемінде тұрақты түрде жүргізілді.
— Әр ауданда ерекшелігімен көзге түсетін белсенді жастар болады. Аудандағы белсенді жастардың үлесі қандай? Сонымен қатар еріктілікпен айналысатын жастар бар ма?
— Бүгінгі жас – болашақ ауданымыздың жанды бейнесі. Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын тұлға. Қазір алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастырар артында өсіп келе жатқан жастар екені даусыз. Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты. Сонымен қатар ауданның белсенді жастар кез келген 14-35 жас аралығындағы жастар деп айтар едім. Себебі ауданымызда кез келген сала бойынша белсенді жастарды табуға болады. Сонымен қатар ауданымыздың болашағы үшін түрлі бағытта білім алып кез келген нысандағы шағын және орта бизнес, әлеуметтік сала, ауыл шарушылығы, өнеркәсіп, мәдениет спорт, мемлекеттік қызмет бойынша өз нәтижелерін көрсетіп жүрген жастар ауданымыздың белсенді жастары деп айтуға болады. Аудандағы еріктілерге Мақтаарал ауданы бойынша 2 кент және 9 ауылдық округ бар. Әр кент пен ауылдық округтерде 69 елді мекен бар. Ауданымызда су тасқыны кезінде 2000ға жуық еріктілер тіркеліп сол кезден бастап «Жүректен жүрекке» атты еріктілер клубы жұмыс жасауда. Ауданымыздың еріктілері түрлі бағытта іс-шаралар ұйымдастырып жатыр. Атап айтар болсақ, «Тазалықты өзімден бастайық» атты тазалық акциясы, «Мейірімді жүрек» атты ауданымызды жалғыз басты қарттарына және ауған соғысының ардагерлерінің аулаларын тазалап және жәрмеңкелер ұйымдастыруда. Жәрмеңкеден түскен қаражаттарға азық-түлік алып, аз қамтылған отбасыларға үлестіруде. Сонымен қатар аудан еріктілері қайырымдылық іспен ғана емес, республикалық, облыстық деңгейде ғылыми жобалар қорғап, үздік нәтиже көрсетуде.

Мақтаарал ауданы Жастар ресурстық орталығы КММ-нің ұйымдастыруымен Мақтаарал ауданы Бірлік ауылдық округі Алғабас ауылының тұрғындарына «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы бағдарламасы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл бағдарламадағы басты бағыт – табиғатты қорғау, экологияны сақтауға ғана емес, жастардың тәрбиесі мен еңбекке баулу. «Бағдарламаның тағы бір тиімді тұсы – жастарды еңбекке тарту. Жастар тек қана қалаларда ғана емес, орманды өрт шалған аумақтарда да жұмыс істейді.

Аталмыш бағдарлама аясында еңбектеніп жүрген жастар бүгінгі күнде көшелерді, арық бойларын тазалап қана қоймай, футбол алаңдары ауласында тазалап, қураған ағаштарды кесіп, тасжол жиектерін әктеу сияқты игілікті іс жасау барысында үлкен белсенділік көрсетуде. «Таза болса маңымыз, сау болады тәніміз» деп атам қазақ айтпақшы, «Жасыл ел» жасақшылары қоршаған ортаның көркеюіне, қоғамдық орындардың таза тұруына өз септігін тигізуде. Бұл бағдарлама студенттерді ғана емес, сонымен қатар, жұмыссыз жастар да жасаққа шақырылыпты. Бұл да жұмыссыздықтың азаюына өзіндік септігін тигізері анық.
«Жасыл ел» – тек патриоттардың, елін сүйетін азаматтардың орны. Әр адам өз елінің патриоты болуы керек. Осы орайда аянбай еңбек етіп, өз туған жерінің мәртебесін көтеру әр қазақтың, ел болашағы болып саналатын жастардың міндеті. Қазақстан – жас мемлекет. Бұндағы халықтың басым көпшілігі бойында жалыны-қуаты тасыған жастар екені мәлім. Жастар – ұлт келешегі, қоғам айнасы.
Сұхбаттасқан Мақпал Ноғайбаева
Суреттерді ұсынған Мақтаарал жастар ресурстық орталығы