jasqazaq.kz

Сүйіктісіне ұрланған гүл сыйлаған жігіт масқара болды (Видео)

13 желтоқсан 2024, 12:03

Сүйіктісіне ұрланған гүл сыйлаған жігіт жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордадағы романтикалық оқиға күтілмеген жағдаймен аяқталды. Қаланың бір ауданында гүл сататын дүкен иесі тәртіп сақшыларына жүгініп, құнды гүл шоғының ұрланғаны туралы шағымданды.

Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу гүл жеткізушінің Hyundai Elantra көлігінің ішіне еркін кіріп, бағалы екі гүл шоғын алып кеткен. Ұрлық кезінде көлік есігі ашық күйінде қалған. Шығын көлемі 100 мың теңгені құрады. Полиция жедел іздестіру шараларының арқасында күдіктіні анықтады. Ол 39 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам бұл әрекетін толық мойындап, гүлдерді сүйіктісімен татуласу үшін ұрлағанын айтты. Оның айтуынша, олар ұрысып қалған, ал кешірім сұрау үшін гүл сыйламақ болған, бірақ ақша тапшылығы осындай әрекетке итермелеген. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі