jasqazaq.kz

Светлана Айтбаева: Димаш үшін ең бастысы – музыка және шығармашылық

01 ақпан 2017, 17:42

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов Қытайда өтіп жатқан I Am a Singer байқауында вокальдық өнерімен бүкіл халықты тәнті етіп жатыр. Байқаудың алғашқы кезеңінде Димаш француз тілінде SOS d’un terrien en détresse әнін орындаса, екінші кезеңде Витастың «Опера №2» әнін сәтті орындап шықты. Санаулы күндердің ішінде Димаштың Қазақстан мен Қытайда сүйіп тыңдайтын жанкүйерлері пайда болды.

Tengrinews.kz әншінің анасы Светлана Айтбаевамен байланысқа шығып, Димаштың I Am a Singer байқауының 3-ші кезеңіне қалай дайындалып жатқанын сұрады.

Димаштың анасының айтуынша, олар күніне екі рет — таңертең және кешке сөйлесіп тұрады.

«Біз бүгін таңертең ғана сөйлестік. Ол дайындықтың қалай өтіп жатқанын айтып берді, барлығы жақсы сияқты. Оның даусынан-ақ материалды 100 пайызға білетінін түсіндім. Бұл оның оркестрмен және дирижерлермен жақсы қарым-қатынаста екенін білдіреді. Дайындықтан шығыпты, эмоцияға толы. Димаш үшінші кезеңде ағылшын тілінде ән орындайды. Ол бұл әнді жақсы біледі. Жақсы өнер көрсетеді деп ойлаймыз», — деді Светлана Айтбаева. Оның айтуынша, Димаш сәуір айының соңына дейін Қытайда болады. Себебі, байқаудың әлі шамамен 10 кезеңі бар екен.

Димаш Кудайбергенов анасымен бірге. © instagram.com/kudaibergenov.dimash

Светлана Айтбаева кез келген ана сияқты бөтен елде жүрген ұлы үшін алаңдайды.

«Әрине, біз оны соңғы кезеңде дейін жетуін қалаймыз. Себебі, бұл үлкен жоба әрі жобаның бағдарламасы да өте қиын. Әр кезең сайын бір қатысушы шығады. Мен ана ретінде оның барлық 13 кезеңнен өтіп, финалға жетуін тілеймін», — деді Светлана Айтбаева.

Сондай-ақ, Димаштың анасы Интернетте ұлы жайлы жарияланып жатқан жаңалықтарды минут сайын қарап отыратынын айтып өтті. Айта кетейік, кеше БАҚ-тарда ресейлік әнші Витастың арызы жайлы да айтылған болатын, бірақ кейіннен барлық мәселе шешіліпті.

«Әрине, біз уайымдадық. Димашқа хабарластым. Бірақ ол байсалды түрде жауап берді. Ұлымның атына мұндай мазмұндағы хат келген жоқ, ол арыз телеарнаға (Hunan TV — автор) түскен екен. Танымал адамдардың өзі осыған әсер етіп жатса, демек Димаш әнді өте жақсы орындап шықты! Витас Димаштың өнерін бағалады деген сөз. Әрине, ұлымның шығармашылық жолында ешқандай да қиындықтар болмағанын қалаймын», — деді әншінің анасы.

Анасының айтуынша, Димаш Құдайбергенов музыкамен бес жасынан бастап айналысқан. Қазір Димаш 22 жаста, Ақтөбедегі Жұбанов атындағы музыкалық колледжді аяқтаған. Ал қазір Димаш Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің 3-курс студенті екен.

Сондай-ақ, әншінің анасы Димаштың жеке өмірі жайлы да айтып берді.

«Ол қыздармен қарым-қатынастары жайлы айта бермейді, яғни, әзірше оның қызы жоқ деген сөз. Қазір ол үшін ең бастысы — музыка және шығармашылық. Димаш бос уақытын осыған арнайды, оның әңгімелерінің барлығы тек музыка мен репертуар жайында. Әрине, біз Димашты оқуын аяқтап, мансап жолын құрып, үйленеді деп сенеміз. Біз сол туралы армандаймыз және сол сәтті күтеміз». — деді әншінің анасы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде