jasqazaq.kz

Света Айтбаева: Қаншама келініміз ұлтабар жеп, ұлды болып жатыр

14 желтоқсан 2023, 15:48

Танымал әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Света Айтбаева “Оян” таңғы ақпараттық сазды бағдарламасында қонақ болып, қазақтың ұлттық тағамдары туралы сыр шертті.
Әңгіме арасында сазгер Ұлықпан Жолдасовтың немерелі болғанын да сүйіншіледі.
“Ұлтабар – қазақтың әдемі тағамдарының бірі. Малдың асқазанымен жалғасатын тұстағы қарнының бір бөлігі. Қазақ әрбір тағамға мән берген. Соның ішінде ұлтабарды ерекше құрметтеген. Әйелдерге тікелей қатысты болғасын, көбіне әйел адамдар жеген. Атының өзі де “ұлтабар” деп бекер қойылмаса керек ?!. Ежелден біздің ұлт ер баланы жақсы көріп, басқалардан жоғары бағалаған. Ұл дүниеге келсе, атұстар, шаңыраққа ие болатын бала келді деп айтатын”, – деп түсіндірді.
Сондай-ақ әнші ұлтабар жеп, ұлды болған келіні туралы да айтты.
“Қаншама келініміз ұлтабар жеп, ұлды болып жатыр. Кеше тағы бір келін ұл тапты. Оны сіздер жақсы танисыздар. Бізге атұстарды дүниеге әкелген келін – Ұлықпан Жолдасовтың келіні. Ұлы Болат пен келіні Алтынай ұлды болып жатыр. Перзентханадан шығарып алуға барамыз”, – деп сүйіншіледі әнші.

JQ-Aqparat

Сурет: sveta_aitbaeva73

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі