jasqazaq.kz

Сухур емес — сәресі, ифтар емес — ауызашар: Бас мүфти көпшілікке ескерту жасады

11 наурыз 2024, 10:11

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті Рамазан айына орай көпшілікке ескерту жасады.

Qazaqstan ұлттық телеарнасына сұхбат берген дінбасы оразаға қатысты дүниелерге жан-жақты тоқталды.

«Ата-бабалардан бізге жеткен, дініміз Исламмен сабақтасып кеткен салт-дәстүрлеріміз бар, Құдайға шүкір. Соны сақтап қалу мақсатында көп жұмыс атқарылып жатыр. Жақында ғана «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабы жарық көрді. Бізге Ислам қашан келді, оны бабаларымыз қалай ұстады, қандай бағытта жүрді? Осының барлығы сол жерде көрсетілген. Осы кітаптар елімізге кеңінен тарап жатыр. Дәстүрдің құндылығы аясында Оразаға қатысты дүниелерді айттық. Мысалы, Оразаға қатысты сырттан келген сөздер бар. Мысалы, сәресін біз сәресі деп келдік, кейбір жастарымыз оны «сухур» деп кетті», дейді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти күнделікті өмірде шет тіліндегі сөзді қосып сөйлеу белең алып бара жатқанын айтты. Сонымен қатар ифтар емес, ауызашар деп айтуға үндеді.

«Біреулер ифтар деп айтып кетті. Кейбір сөздерді ағылшын тілінде айтып жатады. Көршілес орыс тілінде айтылатын сөздер бар. Бірақ біз өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды дәріптейік деген мақсатта осы үндеуді айтып отырмыз», дейді Наурызбай қажы Тағанұлы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде