jasqazaq.kz

«Суды үнемдеудің ең тиімді жолы – тамшылатып суару»

16 тамыз 2023, 22:12

Қазақстанға егін суының 50 пайызы сырттан келеді. Шаруалар үшін егінді суарудың маңызы бөлек. Шымкент егін шаруашылығын дамыту аймағына жатпағандықтан еліміздің ауыл шаруашылығы жерлерін суару бағытындағы негізгі стратегиялар Түркістан облысына қаратылған. Мұндай жағдайда шымкенттік шаруалар каналдағы бар суды бағалып, үнемдеп егінін жетілдіруі тиіс. Бұл жағдайда тамшылатып суарудың мәні зор. Шаруалар бас қосқан семинарда тамшылатып суғару әдісінің тиімділігі туралы «Otan Agro» ЖШС-ның директоры Берік Орынтаев баяндады.

–Елімізде Түркістан, Қызылорда және Жымбыл облыстары су тапшы өңірлерге жатады. Бүгінде Президент тапсырмасына сәйкес, су ресурстарын үнемдеу жобасы қолға алынған. Соның аясында заманауи технологияларды қолдана отырып, егіншілік суын 50 пайызға дейін үнемдеу қажет. Суды үнемдеудің ең тиімді жолы – тамшылатып суару. Оның да автоматтандырылған және механикалық секілді түрлі тәсілдері бар. Жуырда Қытайдың Сиань қаласына іс-сапарға барған кезде сол қаланың үлкен агро-инновациялық орталығында болдық. Ол жерде «AGRECOM» деген замануи кәсіпорынның технологиясымен танысып, жақын арада осы компанияның тамшылатып суаратын технологиясын Қазақстанға, оның ішінде Шымкентке әкелуді жоспарлап отырмыз. Су ресурстарын үнемдеу бойынша мемлекет тарапынан өте ауқымды іс-шаралар бастылап жатыр. Соның ішінде суды жер серігі арқылы ғарыштан есептеу жұмысы қолға алынған. Нәтижесінде қолдағы бар суды есептеп, оның қажеттілік деңгейі анықталып, су тапшылығы тамшылатып суару арқылы жойылмақ, – деді Берік Сабитұлы.

Сырдария өзені бүгінде егіншілік пен өндірісте өзге де мақсатта қолданылып, қайта өзенге жіберілетінін, оның қолданыс аясы 150 пайызға жететін су көзі екенін мамандар алға тартып отыр. Жаз маусымында көрші елден ағып келетін өзеннің деңгейі төмендеп, ауыл шаруашылығына жетпейтініне назар аударсақ, оңтүстік өңірінде тамшылатып суару шаруаларды тапшылықтан құтқаратыны анық. Түйіндей келе айтарымыз, шаруаның мол өнімі суға байланған. Егінді өсіруде, суаруда да заман көшінен қалмай, жаңа әрі тың тәсілдерді игеріп отырса, базар мен дүкен сөресін Шымкентте өсірілген өніммен толтырары анық.

Бүгінде елімізде агроөнеркәсіп кешенін дамытуда мемлекеттік қолдау да, бекітілген міндеттер де көп. Мемлекет басшысы саланы дамытуда нақты мәселелерге назар аударып, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың алдына бірқатар міндет қойды. Президент қой етін, құс етін, қозы етін өндірудің, сүтті мал шаруашылығын дамытудың және мал шаруашылығы өнімін экспортқа шығару ісін ілгерілетудің келешегі зор деп есептейді

Мерей Әлімбек

25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста