Тараз тағы да судың астында қалды. Бұл жолы тұрғындар қырғыз асып келген Талас суынан емес, арық жүйесінің жоқтығынан жапа шегіп отыр. Алты жылдан бері көшесі көлге айналған ел үй іргесі отырып, опырылуға айналды деп ашулы.
Шулайтындай, тыныш отырмай тулайтындай «астыңнан су шықты ма» деген мәтел осы тұрғындарға тура мағынасында айтылғандай. Жаз шыға жылда Венецияға айналады. Көшесі көлге айналған көпшілікке үйлеріне кіріп шығу үшін толарсақтан су кешу күнделікті жағдай.
Амалы таусылған жұрт ағын судың арығы жоқ, – дейді. Анығы үстіне үй салынып кеткен. Салдарынан етектегі ел су ортасында қалуға мәжбүр. Елдің ендігі тілегі ағын судың арнасын басқа жаққа бұру. Бірақ бұл орындалмас арман.
«Тараз Ирригация» ЖШС-ның шебері Әбдүлмүтәліп-қожа Мадаминов болса, «бұл Төрткүлге баратын суды біз жаба алмаймыз. Өйткені, сол судан бүкіл аудан бау- бақшасын суарып отыр. Қазір арық үстіне үй салынып кеткен. Енді елдер өздері өз күштерімен бітелген арықтарын ашып алсын» – деп отыр.
Ал жұртшылық болса, өз күшімізбен арықты тазалаудан қашпаймыз дейді. Тек арықтың үстінен үй салғандарды билік болып, қадағаламаған қала әкімдігінің тірлігіне аң-таң.