jasqazaq.kz

Су жинақтаушы имаратының жанынан қосымша құрылыс қарқын алды

21 маусым 2023, 21:47

Шымкенттегі шайынды су жинақтаушы имаратының жанынан қосымша құрылыс жүргізілуде. Бұл ретте, қолданыстағы кәріздік тазарту құрылғыларының қуаттылығын тәулігіне тағы да 50 000 текше метрге дейін кеңейту көзделген. Бүгінгі таңда, қолданыстағы тазарту құрылғыларының қуаттылығы тәулігіне 150 мың текше метрді құраса, қосымша құрылыс іске қосылған жағдайда 200 000 текше метрге дейін жетеді деп жоспарлануда.

Қазіргі таңда, тәуліктік қуаттылығы 150 мың м3 құрайтын қолданыстағы тазарту қондырғысы толыққанды жұмыс істеуде. Алайда, тұтынушылар санының артуына байланысты қосымша құрылыс қажет болған. Жоба дайындалып үстіміздегі жылдың қаңтарында құрылыс басталған болатын. Бүгінде іргетасы қалануда.

–Осыдан 10 жыл бұрын қуаттылығын тәулігіне 100 000 м3 жаңартқан Шымкенттегі шайынды су жинақтаушы имараты, 2017 жылы биогаз өндіру арқылы қуаттылығын тәулігіне 150 мың м3 дейін кеңейтті. Бүгінгі таңда, біздің мекеме «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда электр қуатын өндіру үшін ағынды сулардың тұнбаларын кешенді өңдеп биогазға айналдыратын жалғыз кәсіпорын болып табылады. Қосымша құрылыс аяқталса, тағы да 50 000 текше метрге кеңейетін боламыз, — деді «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС-нің тазарту құрылыстарын басқарушы Ирина Казарина

Бұл жобаға Еуропалық қайта құру және даму банкі қолдау білдіріп, 3,6 млрд теңге бөлген. Банк алдындағы берешектің тең жарымын мемлекет төлеп беретін болып келісіліпті. Сондай-ақ, мекеме тарапы қала халқына қолайлы жағдай жасау мақсатында әлем елдерінің тәжірибесін сынақтан өткізіп жатыр екен. Сарқынды судың иісін жою үшін бірнеше технологияларды қолданып жатқандарын жеткізді.

— Нәжістен шыққан жағымсыз иісті жою үшін, қолымыздан келгенше әртүрлі елдердің тәжірибелерін сынақтан өткізіп жатырмыз. Осы орайда, Сібір ғалымдарымен жұмыс істедік. Олардың технологиясы аздап иісті кетірді, тез кепті. Бұл бірінші нұсқамыз. Екіншісі Петропавл тәжірибесі. Бұл ретте Хлорилли маркасын қолдандық. Ол жағымсыз иісті тез жойды. Біз өткен жылы бірінші партияны қабылдадық, биыл екінші партияны өткізіп жатырмыз, жылдың соңында яғни, қазан айында үшінші партияны аяқтаймыз. Сонымен қатар, Ресей, Қытай, Венгрия, Польша елдерімен де тығыз байланыста жұмыс жүргізудеміз, — дейді Ирина Казарина.

Шайынды су жинақтаушы имаратының жанынан салынып жатқан қосымша құрылыс бұйыртса, келер жылы аяқталады деп жоспарлануда. Нәтижесінде, кәріздік тазарту құрылғыларының қуаттылығы тәулігіне тағы да 50 000 текше метрге дейін кеңейіп, 200 000 текше метрге дейін жететін болады. Ал, жағымсыз иісті жою мақсатындағы жұмыстар үздіксіз жүргізілмек.

Мерей Әлімбек

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее