jasqazaq.kz

Су тасқыны басталғаннан бері 72 мыңнан аса адам құтқарылды

07 сәуiр 2024, 13:17

Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте су тасқыны жағдайы туралы ақпар берілді.

Бүгінгі мәлімет бойынша, 3686 жеке тұрғын үй, 557 аула аумағы, 1822 саяжай үйі су астында қалып отыр. Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында осындай жағдай қалыптасты.

«Су тасқыны кезеңінің басынан бері 72 029 адам құтқарылды, оның ішінде 16 078 бала бар. Уақытша орналастыру пункттерінде 14 368 адам, оның ішінде 7 200 бала бар», — деп атап өтті ОКҚ алаңында ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Қаһарман Оразалин.

7,5 млн текше метрден астам еріген су тартылды, 950 мың тоннаға жуық қапшық және 976 мың тонна инертті материалдар төселді.
Авариялық-құтқару жұмыстарына 12 455 адам, 7 әуе кемесі жұмылдырылды.

«Республикалық жедел штабтың бақылауында Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары тұр»,-деді Қаһарман Оразалин.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі