jasqazaq.kz

Су тасқыны: 16 мыңнан астам отбасына мемлекеттік қолдау көрсетілді

04 мамыр 2024, 12:13

Елімізде алапат су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға келтірілген залалды өтеу жалғасып жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Үкімет осы жұмысты жүйелі түрде жүзеге асыруда.
Зардап шеккен аймақтардың тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға тиісті өтініштерін беруде. Бүгінге дейін 24 835 өтінім қабылданды.
Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, биылғы 4 мамырдағы жағдай бойынша 16 168 отбасы 5,7 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде бір реттік төлем алды. Мал басының шығыны үшін берілетін төлем көлемі 916 млн теңгеден асты.
Бүгінгі таңда зардап шеккен өңірлерде 4556 тұрғын үй тексеріліп, 2845 нысанда бағалау жұмыстары жүргізілді.


Жөндеу жұмыстарын жүргізуге және тұрғын үйді қалпына келтіруге 696 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Аталған көмек 530 отбасын қамтыды.
Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Павлодар облыстарында тағы 53 отбасыға қираған баспаналарының орнына үйлер мен пәтерлер берілді.
Залалды өтеу жұмыстары жалғасуда және Үкіметтің қатаң бақылауына алынған. Президент тапсырмасы бойынша барлық зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек пен қолдау  көрсетіледі.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі