jasqazaq.kz

Су тасқынынан 100-ге жуық мал суға кетіп өлді (видео)

16 сәуiр 2017, 21:28

Солтүстік Қазақстан облысында Рузаевка ауылында 100-ге жуық мал өлді, 44 адам эвакуацияланды. Су күтпеген жерден келді — маусымдық Жем Барақ өзенінен.

Рузаевка ауылын су күтпеген жерден келді. Сағат таңғы 10-да су үйлерге жетті. Tengrinews.kz редакциясына жіберілген видеоларда кей жерлерде судың деңгейі үйдің терезесіне дейін жеткен. «Жем Барақ өзенінде су көтерілді. Бұрындары мұндай болмаған. Он шақты аулалы жер телімін су басты. 44 адам эвакуацияланды. Барлығын осы ауылдағы туыстары мен көршілерінің үйіне қоныстандырды. Сонымен қатар, малды да эвакуациялады: бес жылқ, бес ірі қара мал, 74 құс, 52 қой. Ауыл сыртында жаз кезінде «Пиникер» ЖК мал ұстау базасы болған. Оны да су басты. Су басқан кезде оның ішінде мал болған. Олардың саны нақтыланып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, 100-ге жуық мал суға кетіп өлді», — деді Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің жедел штабы басшысы Асхат Ержанов. Қазір Рузаевка ауылында жедел штаб құрылды. Tengrinews.kz хабарлағандай, су жазықтан және Жем Барақ өзенінен әлі де келіп жатыр. Рузаевка ауылынан алыс емес жерде Ломоносов ауылы бар. Онда үйлерге су жетпеген. Бірақ жолдарды су шайып кеткен.

https://youtu.be/xfFOvet9Pb4

https://youtu.be/PfrH-3belXQ

Шал ақын ауауданының Белоградовка ауылының маңында көпірді су шайып кетті.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде