jasqazaq.kz

Су қауіпсіздігі — ұлттық қауіпсіздігіміздің маңызды тармағы

12 мамыр 2023, 18:20

 

Су қауіпсіздігі – ұлттық қауіпсіздігіміздің бір тармағы. Өздеріңізге белгілі, соңғы уақытта Елорда тұрғындары су тапшылығын сезініп, осы мәселеге қатты алаңдаулы. Елорданың қарқынды дамуына және қала халқының өсуіне байланысты «Астана су арнасы» мемлекеттік-коммуналдық кәсіпорны ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жобалық қуаттардың жеткіліксіздігін айтып, тұрғындарға суды кесте бойынша төмен қысыммен беруге мәжбүр екенін жеткізген болатын.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында «Су қауіпсіздігін қамтамасыз ету – стратегиялық маңызы бар міндет. Алдағы уақытта су мәселесі ушығып кетуі мүмкін. Сол себепті бізге оның алдын алу қажет», – деді. Яғни, алдағы уақытта елімізде су тапшылығы мәселесі ең бірінші орынға шығады. Дүниежүзілік зерттеулердегі болжамдарға сүйенсек, 2040 жылға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 50 пайызға дейін жетуі мүмкін.

Қазіргі уақытта астанада судың тапшылығы тәулігіне мөлшермен 30 мың текше метрді құрайды. Жергілікті биліктің айтуынша, биыл жазда пайдалануға берілетін №3 су сорғы-сүзгі станциясы бұл мәселені толық шешіп, алдағы 5 жылда елордадағы судың тапшылығын болдырмауға мүмкіндік береді.

Дегенмен, Астанадағы су тапшылығына әсер етіп отырған тағы бір фактор бар. Ол құрылыс жұмыстарының қарқын алып, әсіресе Есілдің сол жағалауынан көпқабатты үйлердің тығыз салынуы. Қаланың бас жоспарында көрсетілген талаптар бойынша судың мөлшері, өткізу мүмкіндігі тек қағаз жүзінде қалып отыр. Сондықтан, алдағы уақытта қалада салынып жатқан көпқабатты үйлердің бәріне тексеріс жүргізіп, қанша мөлшерде су жұмсалып жатқанын есептеу қажет. Аспанмен тірескен көпқабатты тұрғын үйлерді салардан бұрын, сумен қамтамасыз етілу есебі алдын-ала жіті жасалғаны абзал. Ескі үйлердің арасына тығыздап үйлер салу да үрдіске айналып, оның кесірінен қалыптасқан су жеткізу жүйесін өзгертіп қана қоймай, апатты жағдайлар туғызуы мүмкін.

Көпшілік білетіндей, Қазақстан негізінен Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен келетін суды пайдаланады. Ал 4 млн-нан астам қазақстандықтарды сумен қамтамасыз ететін Ертістің суы көптеген кәсіпорындардың салынуынан, заңды тұлғалардың, шаруа қожалықтарының, кооперативтердің суды көп көлемде пайдалануынан, үнемдемеуінен және экологиялық жағдайларға байланысты азаюда. Соның салдарынан Астана қаласына келетін Ертіс-Қарағанды каналының су мөлшері де келешекте айтарлықтай төмендеуі мүмкін.

Жоғарыда аталған мәселелерді ескере отырып, төмендегідей ұсыныстарды жолдаймын:
1) Ертістің суын Қаныш Сәтпаев каналы арқылы Елордаға бұру бойынша жобадан басқа да баламалы бағыттарды да қарастыру;
2) суды бөлудің халықаралық тәжірибесіне сәйкес, халықаралық құқыққа негізделген трансшекаралық су ресурстарын басқарудың жаңа моделдерін қарастыру;
3) су тапшылығы проблемасы бар елдерде сәтті қолданылып жатқан суды үнемдеуге септігін тигізетін заманауи ұтымды инновациялық технологияларды барынша тарту;
4) халық арасында суды үнемдеу бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын күшейту;
4) су шаруашылығы саласындағы кәсіби мамандардың – су шаруашылығы инженерлерінің, суды тазартудың, сумен қамтамасыз етудің, су шаруашылығы құрылыстарының заманауи технологияларын игерген мамандарды дайындау;
5) су ресурстарын кешенді басқару саласындағы ғылыми зерттеулерді және білім беру жүйесінің әдістемесін жаңартуды сұраймыз.

Құрметті Әлихан Асханұлы!

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық Заңының 27-ші бабына сәйкес, Сізден жоғарыда көтерілген мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылдап және толық жазбаша жауап беруіңізді сұраймын.

 Бибігүл Жексенбай,
Сенат депутаты

Бүгін, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
Бүгін, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
Бүгін, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
Бүгін, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
Бүгін, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
Бүгін, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
Бүгін, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
Бүгін, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата