jasqazaq.kz

Құлаған Су-27 апаты жөнінде тергеу жүргізіледі

22 желтоқсан 2016, 12:04

Ұшақ апатының себебін анықтау үшін жедел тергеу тобы құрылды. Су-27 апаты дерегі бойынша, бас әскери прокуратура Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 464-бабында (Ұшу немесе оған дайындалу қағидаларын бұзу) қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілеріне байланысты сот алды тергеу жұмыстарын бастады делінген прокуратураның таратылған хабарламасында.

Қазақстанда оқу-жаттығулар кезінде Су-27 ұшағы апатқа ұшырады Бас әскери прокуратураның арнайы прокуроры Сырлыбаев С. А. басшылығымен жедел тергеу тобы құрылды, оның құрамына Талдықорған гарнизоны әскери полиция бөлімі мен Қазақстан Республикасы ІІМ оңтүстік аймақтық әскери тергеу басқармасының қызметкерлері кіреді. Қазіргі уақытта апаттың анық-қанығы мен себептерін анықтауға бағытталған тергеу жұмыстары жүргізілуде. Сот алды тергеудің нәтижелері мен қабылданған шешім туралы кейінірек хабарлаймыз. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі 21751 әскери бөлімшесінің Су-27 ұшағы әуе оқиғасы салдарынан 2016 жылы 21 желтоқсанда апатқа ұшырады.

 

caravan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде