jasqazaq.kz

Стюардесса жас қызды құлдықтан құтқарды

07 ақпан 2017, 12:02

Alaska Airlines авиакомпаниясының стюардессасы ұшақ дәретханасында қалдырған жазба арқасында қызды адам саудасының құрбаны болудан сақтап қалды, деп хабарлады Би-би-си.

Шелиа Федрик журналистерге ұшақта жақсы киінген ер адамның жанынан ұйпа-тұйпасы шыққан қызды көргенде бірден алаңдағанын айтты. Жасөспірімнің түрі «бейне бір тозақ азабын тартқаннан» кем емес еді, деді стюардесса. Ал ер адам оның қызбен сөйлесуіне рұқсат бермеген. Содан Федрик дәретханаға жазба қалдырып, қызға сол жерге қасындағы адамға сездіртпей баруға белгі береді. Қыз жазбаға жауап ретінде оған көмек керектігін жазады. Жасөспірім адам саудасының құрбаны болып шықты. Федрик жағдайды пилотқа хабарлап, ол алдын ала полицияға ескертіп үлгерген. Alaska Airlines компаниясының рейсінде 2011 жылы орын алған оқиға БАҚ-қа осы аптада жарияланды. Airline Ambassadors қайырымдылық ұйымы экипаж мүшелерін адам саудасымен күреске оқыту науқанын бастады. Airline Ambassadors сайтында құрбандар уинформадағы адамдардың жанында қорқып, қайда баратынынан бейхабар, абдырап тұратыны айтылған. Олар сұраққа жаттанды жауап қайырып, киімдері де жүрген жеріне сай болмауы мүмкін. Қаскүнемдер олардың орнына өздері жауап беруге тырысады, олар құрбандарының жеке деректерін де білмеуі мүмкін. Қазір ол қыз колледжде білім алуда. Бұрынғыша стюардессамен хабарласып тұрады.

 

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді