jasqazaq.kz

Стюардесса боламын деп алаяққа алданды

19 желтоқсан 2023, 12:15

Стюардесса болып жұмысқа орналаспақ болған астаналық тұрғын алаяққа алданды.

Polisia.kz хабарлағандай, полицияға елорда тұрғыны алаятық іс-әрекеттердің құрбаны болғанын айтып арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, әлеуметтік желі арқылы танысқан ер адам жұмысқа орналастырып беремін деген сылтаумен оның 150 мың теңгесін иемденген. Астана қаласы полиция департаментінің Нұра ауданы ПБ полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 24 жастағы жігітті анықтады. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті жәбірленушіге белгілі әуе компаниясының қызметкері екенін айтып, оған стюардесса болып жұмысқа орналастыруға көмегін ұсынған. Өзінің көмегі үшін ақша алып, кейін әр түрлі сылтаулар айтып, байланысқа шықпай қойған. Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі