jasqazaq.kz

«Студенттік өзін-өзі басқару»: Астанада талантты жастар марапатталды

04 желтоқсан 2024, 19:23

 

Елордадағы «Жастар» сарайында «Студенттік өзін-өзі басқару» жобасы аясында өткен байқаудың жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған марапаттау рәсімі басталғанға дейін заманауи би, халық биі, ұлттық аспаптарда ойнау және вокал сияқты номинациялар бойынша байқаулар өтті. Аталмыш іс-шараға елордалық ЖОО студенттері белсене қатысты.

«Мұндай іс-шаралар жастардың өзара қарым-қатынасын нығайтып, нетворкинг орнатуына және көшбасшылық қасиеттерін танытуына ықпал етеді. Сондай-ақ, олардың спортқа, белсенді өмір салтына деген қызығушылығы артатын болады. Осылайша тұрақты негізде ұйымдастырылатын іс-шаралар арқылы елордалық жастарға жиі бас қосып, жаңа идеяларды ортаға тастап, оны жүзеге асыруда бірлесе іс-әрекет істеуге, солайша дами түсуге жол ашылмақ», — деді Астана қаласының мәслихат депутаты Арсланбек Мағзұм.

Шығармашылық байқаулар аяқталған соң жеңімпаздарды салтанатты марапаттау сәті басталды.

«Іс-шараның негізгі мақсаты – Астана жастарын біріктіру. Мұнда елордалық студенттер өздерін танытып қана қоймайды, сонымен бірге оқу орындарының абыройын асқақтатуға үлес қосады. Марапаттау рәсімі өз деңгейінде өтті деп ойлаймын. Барлық жеңімпаз алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар, ал спортшылар кубоктар мен медальдарға ие болды», — деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының қызметкері Камилла Мұқатаева.

Жеңімпаздарды атап айтсақ, футболдан және волейболдан APEMS командасы, теннистен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, баскетболдан С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті студенттері 1-орынды жеңіп алды. Ал аспаптарда ойнау мен вокал бойынша Қазақ ұлттық өнер университеті, замануи биден Esil University, халық биінен Astana international university студенттері 1-орынды иеленді.

JQ-Aqparat

Сурет: Астана әкімдігі

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі