jasqazaq.kz

Студенттер интернет арқылы есірткі сатқан (видео)

14 қыркүйек 2016, 16:10

https://www.youtube.com/watch?v=Dmh8WPANFvk

Интернет ресурстар арқылы естірткі саудалаған қылмыстық топ әшкереленді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің басшысы Сұлтан Құсетов мәлім етті.

«Соңғы кезде есірткі бизнесін ұйымдастырушылар еліміздің аумағында интернет ресурстардың көмегімен есірткі өткізуді қолға алған. Таяуда Алматы қаласының Ішкі істер департаменті  ұзақ жүргізілген жедел шаралардың нәтижесінде 20-25 жас аралығындағы 8  адамнан құралған қылмыстық топты ұстады. Олардың төртеуі Швейцария, Ресей және Қазақстанның белгілі жоғарғы оқу орындарының студенттері», – деп атап өтті С. Құсетов.

Қылмыстық кестеде «Qiwi-Кошелек» электрондық жүйесіне ақша аудару ескерілген.  Осы топтың жетекшісі өзіне сенімді деген ортадағы адамдармен байланыс орнатқан. Ол есірткіге тапсырыс беретіндерге ұялы телефондардың нөмірлерін жолдап отырған. Клиенттер тапсырыс берген соң, «Qiwi-Кошелек» электронды жүйесі арқылы тапсырыс үшін ақша төлейді. Осыдан кейін оларға ұялы телефон арқылы есірткіні қай жерден алу керектігі туралы хабарланып келген.

Атап айтқанда, жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында есірткі бизнесіне қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері олардың жалдамалы пәтерінен заңсыз зертхананы және үй жағдайында қарасораны қолдан өсіруге арналған жылы-жай лампалары, желдеткіштер мен электронды құрылғыларды анықтады.

«Тінту жүргізу кезінде 20 келіден астам есірткі, оның ішінде 18 келі гашиш, сондай-ақ екі келі марихуана тәркіленді. 18 келі гашиш 3600-ға жуық дозаны құрайды, яғни оның құны 21 млн. теңгеге бағаланады», –  деді департамент басшысы.

Қазіргі уақытта аталған топтың есірткі өткізді деген 10 фактіге қатыстығы дәлелденді. Ұсталғандар Алмалы аудандық сотымен қамауға алынды.

 

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде