jasqazaq.kz

Студент қыздар ерлерге бас иіп, салем беру керек: Алматыдағы Абай атындағы университетте шу шықты

06 мамыр 2025, 11:41

Сурет ChatGPT нейрожелі көмегімен жасалған

Әлеуметтік желіде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде (ҚазҰПУ) 1 курс студенттеріне қыз баланың қоғамда және ер адамдармен қарым-қатынасы қалай болуы керектігі туралы жиын өткені туралы ақпарат пайда болды. Соңғы нұсқауларға сәйкес, олар бас иіп, дұрыс сәлемдесу керек.  Қазнетте жұрт осыған қатысты наразылық пікірлер жаза бастады, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, университет қабырғасында 1 курс студент қыздары шақырылып, оларға әртүрлі жастағы ер адамдар қыздардың қоғамда өзін қалай ұстау керектігін айтып берген видеоролик көрсетілді. Мысалы, ашық киім киюге, дауыстап сөйлеуге болмайды, еркектермен кездескенде иіліп сәлемдесу керек.

Tengrinews хабарлауынша, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті шу болған интерактивті сабаққа қатысты пікір білдіріп, алдағы уақытта осындай мазмұндағы материалдарға мұқият болатынын айтты.

«5 мамырда университет қабырғасында студенттерге арналған танымдық кездесулердің бірі өтті. Университет қабырғасында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, жастардың мәдени-адамгершілік санасын арттыруға, Абай Құнанбаевтың этикалық нормалары мен тәрбие философиясын түсіндіруге бағытталған іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Осы уақытқа дейін мұндай материалдардың мазмұны сын тудырмаған. Алайда кездесу барысында көрсетілген бейнематериалдар студенттердің түрлі реакциясын тудырып, дау тудырды. Университет басшылығы бұл жағдайды тусініспеушікпен қарап, алдағы уақытта осындай мазмұндағы материалдарды таңдауда барынша сақ болатынын мәлімдейді», — деп жауап берді ҚазҰПУ өкілдері.

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды