jasqazaq.kz

Стратегиялық серіктестік: Алматы әкімі Чунчоннам-до губернаторымен кездесті

03 мамыр 2024, 16:16

Бүгін Алматы әкімі Ерболат Досаев Оңтүстік Корея провинциясының  Чунчоннам-до губернаторы Ким Тхэ хим мырзамен кездесіп,  инвестиция мен өзара тиімді серіктестікті талқылады.
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі жазғандай, губернатор Қазақстандағы корей диаспорасын қолдағаны үшін алғыс білдіріп, одан әрі әріптестікке үміт білдірді.


Чунчоннам-до – Оңтүстік Корея экономикасын дамытудың локомотиві, экспорт көлемі бойынша үшінші, сауда балансы мен ЖӨӨ бойынша екінші орында. Электроника, косметика, азық-түлік және ауыл шаруашылығы өндірісі дамыған.
Тараптар туризм, білім беру және жастарды қолдау саласындағы серіктестіктің келешегін талқылап, одан ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін зор әлеуетті атады.
Оңтүстік Корея — Қазақстан экономикасындағы жетекші инвестор — 2005 жылдан бері 9,5 млрд. АҚШ доллары тартылған.
Алматыда Оңтүстік Кореядан капиталы бар 537 кәсіпорын жұмыс істейді. Samsung, KIA, Hyundai, LG, Lotte сияқты ірі компаниялар аймақтағы бизнесті белсенді түрде дамытып келеді. Алматы мен Корея Республикасы арасындағы тауар айналымы 2023 жылы 21% өсті.

JQ-Aqparat

Суреттер: Алматы әкімінің баспасөз қызметі 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі