jasqazaq.kz

«Стоп, ночь» фильмі көрерменге жол тартты

05 қыркүйек 2024, 17:23

Бүгін Қазақстан кинотеатрларында көптен күткен «Стоп, ночь» толықметражды киномюзиклі көрсетіле бастады. Фильм шығу тарихымен, ерекше музыкалық нөмірлерімен және қызықты актерлік құрамымен көрермен назарын аударды. Туынды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілді.
Сюжет желісі арманы асқақ жас музыкант Бейбіттің айналасында өрбиді. Бейбіт өз мұраты мен әкесінің алдындағы жауапкершіліктің ортасында тепе-теңдік табуға тырысады. Ол – шығармашылыққа құштар, мақсаты айқын, күш-жігерге толы жан. Кейіпкердің өмірінде бәрі жоспар бойынша жүріп жатады, бірақ кенеттен күтпеген оқиға орын алады. Туынды махаббат, достық, шығармашылық тақырыбын қозғайды.
Кинокартинада «A’Studio» тобының 17 әні шырқалады. Мюзиклде тыңдармандардың сүйікті хитіне айналған «Стоп, ночь!», «Солдат любви», «Тик-так» сияқты басқа да әндер орындалады. Көрерменге тосын сый ретінде топтың алғашқы альбомындағы «Алмата» әні қазақша шырқалады. Фильмдегі әндерді «A’Studio» тобының негізін қалаушы, продюсер Байғали Серкебаев өңдеген.
«Стоп, ночь» мюзиклі – бұл қазақстандық киноны дамытудағы жаңа қадам, 1958 жылы «Біздің сүйікті дәрігер» фильмімен Шәкен Айманов бастап берген киномюзикл жанрының жалғасы. Продюсер Байғали Серкебаев бұл картина қазақстандық мюзикл тарихындағы жаңа кезең болатынын атап өтті.
Фильмнің режиссері Фархат Шарипов болды. Музыкалық сахналарды қоюға 500-ден астам биші қатысқан.
«Стоп, ночь» киномюзиклін Қазақстан кинотеатрларынан көруге болады.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін, 15:29
Туркестан: В Жетысайском районе будет запущено 14 инвестиционных проектов
Бүгін, 14:59
Астанинские 3000 школьников исполнили песню "Ақ көгершін" ко дню единства
Бүгін, 14:50
Туркестан: В регионе динамично развивается сельское хозяйство
29 сәуiр, 15:00
Как развивается хлопково-текстильный кластер в Туркестане?
29 сәуiр, 14:10
Туркестан: Усилена работа по повышению доходов населения
29 сәуiр, 14:07
Чтение книг — духовный мост между народами
29 сәуiр, 14:02
Туркестан: Риск распространения вредителей находится под полным контролем
29 сәуiр, 11:28
Более 80 нарушений выявлено: в Астане усиливают контроль за ценами на продукты
29 сәуiр, 10:39
Алматыда қонақтарды құттықтау кезінде мейрамхана өртеніп кете жаздады (Видео)