
Екі көлік үстінен өтіп кеткен бала аман қалды. Бұл туралы nur.kz хабарлады.
Бұл жағдай жұртшылықты таңғалдыруда. Оқиға Қытайдың оңтүстік батысында болған.
Ғаламтордағы бейнеден анасының қасында келе жатқан екі жастағы бала жүгіріп жолға шығып кеткенін байқауға болады. Көліктің жолына шыққан баланы жүргізушілер де байқамай қалады.
Анасы баласына жеткенше, оның үстінен екі автокөлік өтіп кетеді. Бірақ, көлік астында қалған қыз бала дін аман. Тіпті, денесіне ешбір ауыр жарақат та түспеген сияқты.
Аяқ астынан шыға келген баланы көлік жүргізушілері байқамаса керек.