jasqazaq.kz

Спорттық мансабын қашан аяқтайтынын айтты

22 тамыз 2016, 18:13

LROSLA34lxpY9DLbb89J9Yd3gTQdbG

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) өз дивизионындағы атаулы қарсыластармен айқасу мүмкіндігі болмай жатқанына ренішін білдірді.

Головкин 10 қыркүйекте Лондонда орта салмақтағы IBF чемпионы Келл Брукке (36-0, 25 КО) қарсы титулдарын қорғайды. Ол өзіне 13 фунт салмақ қосады.

Бұл ретте Головкин орта салмақтағы WBC титулын иеленген Сауль “Канело” Альвареспен (47-1-1, 33 КО) жекпе-жек өткізуге міндетті үміткер саналады. Алайда мамырда мексикалықтың белбеуі қазақстандыққа беріліп, ол қайта бірінші орта салмаққа өтті.

Сондай-ақ Головкин WBO титулының иегері орта салмақтағы Билли Джо Сондерспен айқас өткізуге тырысты, бұл да іске аспады, британдық Крис кіші Юбенкпен де мәміле аяқсыз қалды.

«Шаршы алаңға әлемдегі ең үздік боксшылармен шыққым келеді. Алайда олар менен қашқақтауын қояр емес. Менің мансабымның аяқталуына екі, бәлкім, үш жыл ғана қалды. Біреуді күтіп отыра беруге уақытым жоқ», – деп 34 жастағы Головкиннің сөзін келтірді BoxingScene.com.

Stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде