jasqazaq.kz

Спорт пен шығармашылыққа үйір ұрпақ өсіп келеді

16 мамыр 2023, 10:43

Шымкентте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың балаларды бұқаралық спортқа белсенді түрде тарту жөніндегі тапсырмасы тиянақты түрде орындалып жатыр. Мәселен, биыл Шымкент қаласында 20 мыңнан астам бала мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелеріне қатысады. Осы мақсатта мемлекеттік бюджеттен жан басына қаржыландыру жүйесі арқылы тиісті қаржы қаралған.

Бұл туралы Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.

Басқарманың мәліметіне сүйенсек, биыл жасөспірімдер спорттың 17 түрінен жаттыға алады. Сондай-ақ, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған 3 түрлі спорттық секция бар.

Бүгінгі күнге дейін мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында жұмыс істеуге платформа арқылы 1330 өтінім келіп түскен болса, соның ішінде біліктілік талаптарына сай келген 113 кәсіпкердің өтінімі мақұлданған. Ал, ата-аналардан 33 864 өтінім түсіп, 20 066 келісімшарт жасалған. Осылайша, Шымкентте спорттық секциялар мен шығармашылық үйімелерге жазылмаған балалардың 26 пайызы қамтылып отыр.

Айта кетейік, спорттық секцияларда 338 жаттықтырушы мен 200-ден астам басқа да қызметкерлер жұмыспен қамтылып отыр.

Қазір Шымкент қаласында ересектер арасында ұлттық спорт түрімен шұғылданатын азаматтар саны артып, 20 742 адамға жетті. 2022 жылдың статистикалық қорытындысына сәйкес, шымкенттіктердің 42 пайызы, яғни 498 852 адам дене тәрбиесімен айналысып, спортпен тұрақты түрде шұғылданады.

Ұлттық спорт түрлерімен шұғылданатын азаматтар оның 4.1 пайызын құрап отыр. Мегаполисте ұлттық спорт түрлерін насихаттап, дамыту мақсатында Шымкент қаласының ұлттық және ат спорт түрлері бойынша кешенді спорт клубы жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда ұлттық спорт түрінен ҚР Еңбек сіңірген 2 жаттықтырушы еңбек етіп келеді. Сонымен қатар, ҚР жасөспірімдер, жастар, ересектер құрама командасының тізімінде 1 ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, 4 Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 8 ҚР спорт шебері, 111 Спорт шеберіне үміткер және І спорттық дәрежедегі 57 спортшы бар.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі