jasqazaq.kz

Спорт министрі: Футболда мүмкін емес нәрсе жоқ

11 қыркүйек 2023, 10:39

10 қыркүйек күні футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Солтүстік Ирландияны жеңіп, Н кіші тобында көшбасшылыққа қайта оралды. Жаңадан тағайындалған спорт министрі Ермек Маржықпаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

«Жеңіс! Біздің команда 1:0 есебімен жеңіске жетті! Футболдан Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландиямен матчта маңызды 3 ұпай жинады. Өткен жолы финдерге есе жібергенімен еңсесін қайта тіктеген ойыншыларымыздың осы жолғы ойынына тәнті болдым. Мемлекет басшысының футболшыларымызға қолдау білдіріп, ойынға жанкүйер ретінде келуі оларды ерекше жігерлендірді», — деді Ермек Маржықпаев.
Ол команданың 1:0 есебімен жеңіске жеткенін нақтылады. Министр голл авторы Максим Самородовты бөлек атап өтті.
«Қазақстан командасының ойынын тамашалау қуаныш сыйлағанын жасыра алмаймын. Жаттықтырушылар штабының үлкен жұмыс атқарғаны айқын көрінді. Осы ретте мен голл авторы Максим Самородовты бөлек атап өткім келеді. Жас шабуылшы қарсылас команданың қақпасына дәл соққы жасады. Мен ұлттық құраманы және барлық қазақстандықтарды осынау жеңіспен құттықтаймын! Алдағы ойындар оңай болмайтыны анық, бірақ біз жігіттеріміздің дайындығы мен шеберлігіне сенеміз. Футболда мүмкін емес нәрсе жоқ. Ал, туған елінің намысы үшін барын салып, соңғы сәтке дейін әдемі ойын көрсеткен ойыншыларымызға сәттілік серік болсын демекпін», — деді министр.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі