jasqazaq.kz

Созақ ауданында «Үлгілі ауыл» жобасы аясында спорт және ойын алаңшасы ашылды

02 маусым 2025, 21:22

Созақ ауданындағы Жартытөбе ауылында балаларды қорғау күніне орай баскетбол алаңы, балалар ойын алаңшасы мен «Street workout» спорттық жаттығу алаңы ел игілігіне берілді.

Аталған нысандар өткен жылы облыс көлемінде өткізілген «Үлгілі ауыл» байқауы нәтижесінде Жартытөбе ауылының жүлделі орынға ие болуына байланысты облыстық бюджет есебінен салынған. Бұл бастама ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Нысандардың ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын мерекемен және жаңа нысандардың ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ, аудандағы спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде кеңінен айтып өтті. Жаңа нысандар балалардың бос уақытын тиімді өткізуге, ауыл жастарының салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік береді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы