jasqazaq.kz

Сотталған лаңкестер: Біз тек анамызға ғана керекпіз (видео)

18 ақпан 2017, 14:45

Ақтөбелік теологтар лаңкестік бабы бойынша сотталғандармен жүздесті. Өткен жылдың маусым айында елді дүрліктіргендер өз қателіктерін түсініп, бостандықта жүрген жандарға әр секунд пен минуттің қадірін түсінуге шақырады. Бұл туралы «Тілші» хабарлады.

Бүгінде жазасын өтеп жатқан Әлібек Ақпанбетов лаңкестік әрекет жасаған кезде кейбір жайттардың есінде болмағанын айтады.

«Өмірімдегі ең үлкен қтелік. Эмоцияға еріп кеттік ме, әлде суымызға бірдеңе қосты ма, бір Аллаһ куә. Бір айтарым, ешбірің қателеспеңдерші. Білім алу керек. Біздікі білімсіздік болды. Біреулердің айтқанымен жүрдік. Анау болмайды, мынау болмайды дегенге еріп жүре бергенбіз. Бұл дұрыс емес. Харам десе, харам екен дедік, халал десе, халал екен дедік», — дейді фильм кейіпкерлерінің бірі Әлібек Ақпанбетов.

Оның пайымынша, мешітке барып, имамдардан дәріс алу керек.

«Біз анау имам дұрыс айтпайды, мына имамдыкі бұрыс дедік. Аллаһ кешірсін. Пайғамбарымыз (с.а.у.) мылтық алып жүгіріңдер деп айтпаған шығар. Ол бізді дінге шақырды. Ал, ұрып-соғып мәжбүрлеп адамды дінге шақыруға болмайды», — дейді Әлібек.

Жас жігіт бүгінде құранды аңсайтынын жасырмайды.

«Бес уақыт намазыңды қадірлеу керексің. Әр минут, әрбір секундті қадірлеу керек. Бостандықтың қадірін түрмеге түскеннен кейін ғана түсінеді екенсің. Көпшілік намаз оқымаған ата-анасынан қашады, намаз оқымайды, кәпір дейді. Ол әрине, дұрыс емес. Ешқандай бауыр келіп, жағдайымды сұраған емес. Тек анамызға керек екенбіз. Мені іздеп тек анам келеді», — дейді бүгінде жазасын өтеп жатқан Әлібек.

Сотталғандардың өкініші мен өтініші жайлы роликтер «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының бастамасын түсірілген. Орталық жетекшісі Жандәулет Сүлейменовтің айтуына қарағанда, бейнематериалдар ғаламтор арқылы таратылмақ.

Жандәулет Сүлейменовтің хабарлауынша, Ақтөбе облысының дін істері басқармасы мен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы бас бостандығынан айрылғандардың қатысуымен «Адасқанның алды — жөн, арты — соқпақ» атты бейнероликті жарыққа шығарды.

«Бейнеролик шығарудағы мақсат — экстремизм мен терроризм көрінісінің алдын алу, еліміздегі азаматтарға дәстүрлі дінді насихаттау, соның ішінде жастардың жат ағым жетегіне кетуіне қарсы тұру, қой терісін жамылған қасқырлардың шынайы бет-бейнесін халыққа жария ету», — дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Оразадағы ойран» атты деректі фильм ғаламтор желісі арқылы қалың көпшлікке жол тартқан болатын. Кейін республикалық КТК арнасынан көрсетілді. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев құзырлы министрлікпен келіссөз жүргізіп, өзге де арналар арқылы көрсетілетінін айтқан болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде