jasqazaq.kz

Сот өзбекстандық бала күтушіні қамауда ұстау мерзімін ұзартты

29 шiлде 2016, 19:37

Мәскеудегі сот Гүлчехра Бобокулованы қамауда ұстау мерзімін 29 тамызға дейін ұзартты. Бала күтушіге биыл ақпанда төрт жастағы баланы өлтірді деген айып тағылған.

Психиатриялық сараптама Бобокулованың есі дұрыс еместігін анықтады. Айыпталушы ем қабылдау үшін өзін отанына қайтаруын өтінді, деп хабарлады ТАСС. Бобокулованы қамауда ұстау мерзімі талқыланған сот отырысында ол Өзбекстанда шизофрениядан емделгенін, Самарқандағы психикалық жүйке аурулары диспансерінің есебінде тұрғанын айтқан.

Гүлчехра Бобокулова биыл 29 ақпанда Мәскеудегі «Октябрьское поле» метро бекетіне жақын маңда ұсталды. Ол қолына баланың кесілген басын ұстап тұрған. Куәгерлердің айтуларынша, әйел өзін „жарамын„ деп айтып қорқытып, «Аллах Акбар» деп айқайлаған. Кейін оның төрт жастағы қыздың күтушісі болып істегені анықталды. Тергеу нұсқасы бойынша, баланың ата-аналары үйден шығып кеткенде, ол баланы өлтіріп, пәтерді өртеп жіберген. Оған кәмелет жасқа толмаған адамды өлтірді деген айып тағылды.

Бобокулова жасағын қылмысын мойындады, осы әрекеті арқылы ол Ресей президенті Владимир Путиннен Сирияны бомбалағаны үшін кек алғысы келгенін айтты.

365info.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде