jasqazaq.kz

Сот төрағасы Василий Нидің неге босатылғанын түсіндірді

26 сәуiр 2017, 16:57

«Қорғас» ШЫХО экс-президенті Василий Ни мен аталмыш компанияның инвесторлармен жұмыс бөлімінің басшысы Махаббат Сайдуллаеваға қатысты қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы сот үкімі шықты. Бұл үкім қоғамда қызу талқыланып, жұрт бір жыл бұрын аса ірі көлемде пара алды деген айыппен тұтқындалған азаматтардың азаттыққа шығуының сырын білмей дал болуда. Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай бұл іске қатысты түсініктеме берді.

» Ни және Сайдуллаевтің ісі бойынша, мұнда қылмыс толық аяқталмаған. Яғни күдіктілер қылмыс жасауға оқталған. Әрі кейін өз кінәларын толық мойындап, әрекеттері үшін өкініш білдірген. Бұл азаматтардың әрекетінен қоғамға зиян келтірілген жоқ. Сондықтан да прокурор сотқа күдіктілердің шын жүректен өкініш білдіргені және қылмысты ашуға көмек көсеткені сонымен қатар олардан зиян келмегін ескере отырып, қылмысты қысқарту туралы өтініш түсірген. Ал заңда егер айыпталушы өз ісіне өкінсе және оның әрекетінен жалал келмесе жауапкершіліктен босату қарастырылған. Осыған байланысты іс қысқартылды. Оған ешкім (жәбірленуші, прокурор, күдікті) наразылық білдірген жоқ», – деді Ақжан Ештай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткен студенттермен кездесуде.

Айта кетейік, бұған дейін Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы Бақытжан Қармановтың берген жауабында сотталушылардың прокурордың өтініші бойынша және олардың осыған дейін сотты болмауына, жұмыс орны мен тұрғылықты жерінен жағымды пікірлер болғандықтан әрі сотталушы Сайдуллаева Махаббаттың асырап алған кішкентай баласы болуына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 65-бабының 1-бөлігі негізінде («Шынайы өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату») жауапкершіліктен босатылғаны айтылған.

qasym.kz

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді