
Алматыда кәмелетке толмаған үш баласы бар азаматшаның алиментін заңсыз ұстап қалып отырған жеке сот орындаушысына қатысты тексеріс жүргізілді. Соттың шешімімен арызданушыдан жеке тұлғалардың пайдасына үш жарым млн теңге өндірілген.
Аталмыш берешекті өндірумен Алматы қаласының жеке сот орындаушысы айналысқан. Қарызды өндіру барысында сот орындаушысы борышкердің банктік шотына ай сайын алимент есебінде түсіп жатқан ақшадан бір жылдам астам уақыт бойы 345 мың теңге сомадағы ақшаны заңсыз ұстап отырған.
Алиментке арналған ақшаны ұстай тұра, сот орындаушысы борышкердің кәмелетке толмаған үш баласының мүліктік құқықтарына қол сұққаны белгілі болды.
Аудан прокуратурасының араласуынан кейін ғана заңсыз ұсталған ақша арызданушыға толық көлемде қайтарылды.
Оған қоса сот орындаушысы атқару өндірісін аумақтық округінен тыс жерде жүргізген. Өйткені борышкер өндіріс қозғалған уақытта Оңтүстік Қазақстан облысында тұрып жатқан. Қазіргі таңда өндіріс аталған облыста жүргізіліп жатыр.
Жоғарыда аталған деректер бойынша аудан прокуратурасы мен Алматы қаласының әділет департаментіне жеке сот орындаушысының лицензиясының қолданылуын тоқтата туралы ұсыныс енгізілді.
NUR.KZ хабарлағандай, ұсынысты қараудың нәтижесінде әділет министрлігінің 19 сәуірдегі бұйрығымен Алматы қаласының жеке сот орындаушысы лицензиясы алты айға тоқтатылды.