jasqazaq.kz

Сот орындаушысы борышкердің есігін қиратты (видео)

16 наурыз 2017, 21:23

Астанада кувалдамен есік қиратқан сот орындаушы төңірегіндегі дау өрши түсті. Ауыр балғамен қаруланған заң өкілі Елорда тұрғынының есігін тас талқан еткен. Бір қызығы дауға қалған сот орындаушысы борышкердің емес, оның әпкесінің үйіне басып кірмек болыпты. Енді екі тарап бір-бірін сотқа сүйреп жүр.

Жанна Әлиева әлі күнге дейін үйіне біреу басып кіре ме деген үреймен жүр. Өйткені, былтыр қазан айында болған оқыс оқиға жанына қатты батқан.

ktk.kz хабарлағандай, бар күшін салып, үлкен балғамен есікті тас талқан еткен жеке сот орындаушысы осы. Бір қызығы заң өкілінің мұндай әрекетін Жанна алғашқыда түсінбей қалған. Өйткені, ешкімге бір тиын қарыз емес. Пәтер де басыбайлы өзінікі. Сондықтан бірден полиция шақырып, барлығын таспаға түсіріп алған.

-Давайте я вам пояснение напишу, что эта квартира моя.

-Пишите, пишите.

-Ну, неужели так сложно?

-Вы мне объяснили, я знаю, что эта квартира ваша.

-Он здесь не прописан.

-Я еще раз говорю, фактически он здесь проживает.

Сөйтсе, бар гәп Жаннаның үйінде біраз уақыт тұрған інісінде екен. Яғни, 24 жастағы Азамат есімді жігіт біреудің көлігін жалға алып, кейін оны бөлшектеп сатып жіберіпті. Енді сол 500 мың теңге ақшаны өндіру үшін сот орындаушылары әпкесінің үйіндегі дүние мүлікті тәркілемек болған.

Жанна Әлиева, Астана қаласының тұрғыны:

-Менің үйіме қонған туыстарым үшін мен неге зардап шегуім керек? Ұлым емес, қайтыс болған ағамның баласы. Әрі ол бұл үйде тіркеуде тұрған жоқ. Менде не шаруалары бар? Бұл іске мүлдем қатысым жоқ. Ешкімге қарыз емеспін. Үй де менікі. Келді де есігімді қиратып тастады.

Ал, дауға қалған Рустам Жылқыбаев болса, судьяның шешімін ғана орындадым деп отыр. Айтуынша, пәтер қожайыны есікті ашудан бас тартқан соң, қиратқан. Сөйтіп, баспана ішінен қарыз болған жігіттің заттарын тәркілемек болыпты.

Рустам Жылқыбаев, жеке сот орындаушысы:

-Үйдің ішіндегі заттарды тексермек болдым. Онда борышкер мысалы музыка тыңдайды, теледидар көреді ол оның заты дұрыс па? Мысалы Жанна Әлиева ол үйде тұрмайды. Сығанақта тұрады. Сәйкесінше, ондағы дүние мүлік оныкі емес.

Ал әпкесін қиын жағдайға қалдырған Азаматтың өзі Қарағандыда. Жұмысқа тұрып, жарты миллион теңге қарызын өтеудің қамымен жүр екен.

Бауыры үшін шырғалаңға түскен Жанна Әлиева болса, сот орындаушысымен соттасып жүр.

Десе де, пәтер қожайыны мен Рустам Жылқыбаевтың арасындағы текетірес жарты жылға созылып кеткен. Алғашқыда судья сот орындаушысының әрекетін заңсыз деп тапқанымен, апелляциялық сот бұл шешімнің күшін жойған. Бірақ әр тараптың өз шындығы бар. Ал бауыры үшін азапқа түскен келіншек істі соңына дейін жеткізуге бел буып отыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде