jasqazaq.kz

Сот айыпталушының 5 жастағы баласымен ақылдасып, шешім шығарды (видео)

05 маусым 2017, 11:34

Айыпталушының бес жастағы баласымен ақылдасып шешім шығарған судья жұртты таңғалдырды. Бұл туралы Қамшы агенттігі хабарлады.

Тыйым салған жерге көлігін қойғаны үшін айыпталған ер адам сотқа 5 жастағы баласын ертіп келген. Балақайды көрген сот оны жанына шақырып алып, алдына отырғызып бірнеше сұрақ қояды.

Джейкоб есімді бүлдіршін кідірместен жауап берген. Сонымен қатар, келешекте аспаз болуды армандаған бала пиццаны жақсы көретінін айтады.

Сот балаға әкесіне қатысты үш шешімнің бірін шығаратынын ескерткен: $90 айыппұл салу, $30 немесе мүлде айыппұл салмау.

«Соның қайсысы дұрыс?» деп сұрайды Джейкобтан. Балақай ойланбастан екінші нұсқаны таңдаған.

Осы сәтте судья баладан таңғы асын ішкен, ішпегенін сұрайды.

«Жоқ» деп жауап берген балаға, «Онда мен әкеңе айыппұл салмаймын. Сол $30-ға саған таңғы ас алып берсін», — дейді сот.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде