jasqazaq.kz

Сотқа келушілер сыпайылық ережелерін сақтау қажет

28 шiлде 2016, 17:45

f6f754890ae8f66117a8a9b68da5e8f6

Әрбір азамат (азаматша) өз өмірінде бір рет болса да сот ғимаратында болды деп ойлаймын. Алайда, өкінішке орай, олардың басым бөлігі сот ғимаратында өзін қалай ұстау керек екенін ұмытатын жағдайлар көп кездеседі. Сотқа келушілер қарапайым сыпайылық ережелерін сақтауына міндетті. Сот процесіне кешігу, бұл сотқа деген құрметтемеушілік, абзалы, дұрысы сотқа ертерек келіп сот залының алдында күтіп отырғаныңыз.

Сот отырысын күту кезінде де, істі қарау барысында да, қарсы тараптың өкілдерімен, туыстарымен кикілжің жағдай туғызбаңыз.

Сот отырысының залында тәртіп пен тыныштықты сақтауға міндеттісіз.Процесске қатысушылар оларға сөз берілген жағдайда ғана, өз пікірлерін айта алады. Сонымен қатар, сөйлеп тұрған адамның сөзін бөліп, айқайлауға тыйым салынған.

Сот талқылауы кезіндегі өз-өзін ұстау ережелері азаматтық процессуалды заңнамамен бекітілген. Оларды бұзғаныңыз үшін сіз сот залынан шығарып жіберуден бастап, айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылуыңыз мүмкін. (179 бап). Адам сот отырысында тәртіп бұзған, төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбаған, сол сияқты сотты құрметтемеуді анық куәландыратын өзге де әрекеттер жасаған кезде (әрекетсіздік кезінде) төрағалық етуші оны ескерткеннен соң сот отырысы залынан шығарып жіберуге немесеҚР ҚПК 55-бабының 2-бөлігінің 4-тармағында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы.

ҚР ҚПК 157-бабына сәйкес, күдікті, айыпталушы, сондай-ақ куә, жәбiрленушi шақыру бойынша дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда, олар сотқа күштеп әкелінуі (мәжбүрлеп жеткізілуі) мүмкін.

ҚР АПК 196-бабына сәйкес Егер сізде сот отырысына қатысуға мүмкіндік болмаған жағдайда, міндеттеі түрде сотқа алдын ала хабарлауға міндеттісіз. Егер сот олардың келмеу себептерi тек дәлелдi деп танылған жағдайда ғана сот iстi талқылауды кейiнге қалдырады.

Естеріңізде болсын, құқықтануда ұсақ-түйек болмайды. Сіздің әрбір әрекетіңіз — — сіздің сот жүйесіне қатысты тәрбиеңіздің, дүниетанымыңыздың, адамгершілігіңіздің көрсеткіші болып табылады.

Г. Шалабаева

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хатшысы

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде