jasqazaq.kz

«Сорос-Қазақстан»: өңін өзгертсе де, өзегі қалды

04 сәуiр 2023, 16:04

Елімізде 1995 жылдан бері жұмысын жүргізіп келе жатқан «Сорос-Қазақстан» қоры CAPS (Central Asian policy studies) Unlock сарапшылық-талдау орталығы болып трансформацияланды.
Орталықтың ендігі міндеті – «аймақтағы түйткілді мәселелерді шешуде ең үздік қадамдарды даярлау».

CAPS Unlock қызметі әлеуметтік-экономикалық теңсіздік, цифрлық демократия, білім, климаттың өзгеруі, аймақтың тарихи бағытының салдарына зерттеу жүргізіп, пікірсайыс ұйымдастыру болмақ.

Қор өкілдері айтқандай: «Аймақтық талдау орталығын құру — қордың жаһандық жаңғыруының бір бөлігі. CAPS Unlock мақсаты — қоғамдағы осал топтардың құқығы мен мүддесін қорғау».
Осы қордан ақша алып келген біздің «грант жегіштерді» қаржы мәселесі алаңдатары сөзсіз. Оған қор жауабы мынадай: CAPS Unlock «Ашық қоғам» қорының серіктесі болып қала береді. Соңғысы екі-үш жыл қолдау көрсетеді. Сонымен бірге орталық фандрайзингпен айналыспақ, «өйткені зерттеуге, сарапшыларға берілетін грантқа қаржы керек».

CAPS Unlock атқарушы директоры Аида Айдарқұлованың айтуынша, донорлықтан сарапшы рөліне ауысу оңайға соқпайды. «Біз бұрынғы бюджетті, яғни 2 млн долларды сақтап қаламыз деген үміттеміз», — дейді ол.

Отыз жылға жуық уақыт ішінде «Сорос-Қазақстан» қоры денсаулық сақтау, білім, ғылым, өнер, адам құқығын қорғау, БАҚ-ты қолдау, экономикалық реформалар саласына 100 млн доллардан аса грант бөлді.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде