jasqazaq.kz

Соңғы екі аптадай уақытта іздеуде жүрген 58 адам ұсталды (Видео)

13 қантар 2024, 11:59

Жыл басынан бері Ішкі істер министрлігінің жедел қызметтері мен оның бөліністері іздеуде жүрген 58 қылмыскерді ұстаған. Бұл туралы ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров хабарлады.

Ол қолға түскендердің кейбірі туралы Polisia.kz тілшісіне айтып берген.
Ақтау полициясы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол өткен жылдың қараша айында мас күйінде кафелердің бірінде болған жанжал барысында қала тұрғынын ұрып-соққан. Жәбірленуші ауыр хәлде ауруханаға жатқызылған еді.

Өзбекстанның Үшқорған қаласында жергілікті құқық қорғау органдары Алматы облысының криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, екі адамның өліміне қатысы бар, іздеуде жүрген осы елдің азаматын ұстады. Ер адам 2012 жылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында жұмыс істеп жүріп, зейнеткерлердің үйіне заңсыз кіріп, оларды өлтіріп, ақша ұрлап кеткен.

Елорда полицейлері қостанайлық әріптестерімен бірлесіп, 2020 жылы Астанадағы жобалық тұрғын үй кешенінде пәтерлерді инвестициялау және броньдау сылтауымен 144 үлескердің ақшасын иемденген ЖШС директоры мен құрылтайшысын ұстады. Қаскөй тағы екі басқа ЖШС басшыларымен бірге 4 млрд теңгені жымқырған. Соңғы аталғандар да бұрын ұсталып, қазір үстерінен тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек республиканың криминалдық полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 30 адамды анықтады.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі