jasqazaq.kz

Солтүстік өңірде су тасқынының екінші толқыны басталды

17 сәуiр 2024, 10:06


Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзені суы екінші рет көтеріліп жатыр. Тоқсан би гидрология бекетінде су деңгейі бір тәулікте 95 см-ге жоғарылады.
«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, Есіл өзені Тоқсан би ауылының жанында 16 сәуір күні таңертеңнен бастап көтеріліп жатыр. Сондай-ақ Долматово елді мекенінің жанында да өзен деңгейі 20 см-ге биіктеген.
Мұндағы қауіпті деңгей 1450 см болса, қазір 1532-ге жеткен.
Петропавлда екінші күн өзгеріссіз. Ал мұндағы су қоймасында деңгей -5 см-ге түсті.
Су тасқынының екінші толқынының келуінен Сергеев су қоймасында деңгейі 3 см-ге жоғарылаған.
Ал шағын өзендерде су қайтып жатыр. Мәселен Бабықбұрлықта өткен тәулікте 126 см-ге, Ақанбұрлықта 120 см-ге түскен.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі