jasqazaq.kz

Солтүстік Қазақстан: өзендер арнасынан шыға бастады

06 сәуiр 2023, 12:14

Солтүстік Қазақстан облысында өзендердің суы көтеріле бастады. «Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, Сергеев су қоймасының ернеуінен тасып аққан судың биіктігі бүгін таңғы сағат 8.00-де 102 см-ге жетті. 5 сәуірде оның биіктігі 5 см болған.

Сергеевка қаласының жанында Есіл өзенінің деңгейі бір тәулікте 294 см көтерілді. Крещенко елді мекенінің маңында өзеннің су деңгейі 4,5 метрге жоғарылаған. Қауіпті деңгей 1400 см-ге жақындап қалды. Су өзен арнасынан шығып, жайылып жатыр.

Ақанбұрлық өзенінің де суы молайды. Возвышенка елді мекені маңындағы гидрологиялық бекетте мамандар су деңгейінің бір тәулікте 295 см көтерілгенін анықтады.

Рузаевка елді мекені маңында Шарық өзенінің де су деңгейі 97 см көтерілді. Бұл екі өзенде де мұз жарылып, сең жүріп жатыр.

Үлкен Тораңғұл көлінен әзірге келер қауіп жоқ. Гидрологиялық бекетте мамандар судың деңгейін бақылауда ұстап отыр, өзгеріс болмашы, 1 см ғана көтерілді.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 сәуір күні кешке таман еріген қар суы Рузаевка елді мекенінің маңында «Көкшетау-Рузаевка» автожолының 191 шақырымын шайып кетті. Түнге қарай судың жолға шығуы тоқтады.

Тоқсан би елді мекенінің маңында сағат 18.00 шамасында «Екатенирбург-Алматы» автожолының 41 метрін су басты.

Бұл жерлерге арнайы белгілер қойылып, кезекшілік ұйымдастырылды.

JQ-Aqparat

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата