jasqazaq.kz

Солтүстікте 1,5 мың үй су астында қалуы мүмкін

17 қантар 2017, 21:03

Петропавлдың төтенше жағдай департаменті өткен жылмен салыстырғанда осы жылы үлкен су тасқыны болуы мүмкін екендігін ескертеді. 20-дан астам елдімекен су астында қалуы ықтимал.

Құтқарушылардың мәліметінше, 20-дан астам елдімекен су астында қалуы мүмкін. Аталған аумақта шамамен 5 мың адам тұрады. Сондай-ақ, 153 автомобиль учаскесі және ұзындығы 50 шақырымнан астам теміржол бар.

«Синоптиктердің болжауынша, қаңтарда біздің аймақта сібір антициклонының әсерінен ауа райы -38 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Бұның салдарынан су одан сайын қатты мұз болып қатады. Ал, наурыздың үшінші онкүндігінде ауа температурасы 8 градус нөлден жоғары жылы болады деп күтіліп отыр. Осындай күннің күрт жылынуы салдарынан қар қарқынды түрде еріп, су тасқыны болуы мүмкін. Облыстың көптеген су қоймасы толып тұр және 20-дан астам елдімекенге су алу қаупін төндіреді. Сондай-ақ, теміржол мен автомобиль жолдарын шайып кетуі ықтимал. Аймақта 95 елдімекен су астында қалуы мүмкін деп анықталып отыр. Мұнда 1,5 мың үй бар және 4,7 мың адам тұрады», — деп мәлімдеді Петропавл қаласының Төтенше жағдайлар департаментінен.

Baq.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде