jasqazaq.kz

«Сол күні үйге асығып едім». Айыпталушы соңғы сөзін айтты

26 сәуiр 2024, 16:17

Бүгін Алматыдағы автобус апатына қатысты өтіп жатқан сот отырысында айыпталушы Дархан Ахметжанов соңғы сөзін айтты. Көзіне жас алған ол бұзақылық жасағанын мойындап, қапыда мерт болған жандардың жақындарынан кешірім сұрады.
«Бар ойым үйге жету болатын. Жеп жүрген нанымды адал еңбекпен тауып жүрген қарапайым құрылысшымын. Үш ұл баланың әкесімін. Құрметті сот мырза, осыларды ескере отырып маған берілетін жаза жеңіл болғанын қалаймын және өтінемін. Қайтыс болғандардың туыстарына, бала-шағаларына қайғырып көңіл айтамын. Жарақат алғандардың жазылып кетуін тілеймін. Өзімнің отбасымнан кешірім сұраймын», – деді ол.
Сот үкімі түстен кейін, сағат 16.30-да жария етіледі.
JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі