jasqazaq.kz

«Сол ақша қайдан келгенін дәлелдеңдер». Блогер Алексей Лодочников тексеруді қолдайтынын айтты (Видео)

19 ақпан 2025, 16:14

Қазақшаға судай блогер Алексей Лодочников өзінің Insagram парақшасында мемлекеттік кірістер комитеті жүргізіп жатқан тексеруді қолдайтынын айтты, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

«Кешеден бері көріп жатырмыз. Еліміздегі блогерлерді салық комитеті тексеріп жатыр. Кім қанша салық төлемегенін, қанша қарызы барын біліп жатырмыз. Тізім шықты, миллиардтаған қарыздар бар екен. Менің ойымша, дұрыс болды. Себебі, блогерлердің шалқып жүргеніне қанша уақыт болды. Барлығы конкурстан басталды. Сосын гив, марафон, лоторея кетті. Тіпті олардың арасында букмекерлік ұйымдарды жарнамалайтындар да бар. Мен өзім блогер болғаннан кейін оның қандай табыс әкелетінін білемін. Менің осы сөзімнен кейін сен де блогерсің ғой, неге бұлай сөйлеп отырсың дейтіндер табылады. Мен өз басым тазамын. Керек болса, қызық болса, барып тексерсін. Ондаған көлік пен пәтерім жоқ. Оны оқырмандарым, таныстарым, достарым біледі. Тізімде бар блогерлер мемлекеттік кірістер комитеті дұрыс есеп жүргізбеген деген сыңайдағы видеолар жариялай бастады. Қайта тексеріңдер деп жатыр. Сол видеоларды көріп, одан да халықтың мұңын осылай жеткізсе ғой деп ойладым. Шыныменде дұрыс емес болса дәлелдеуге болады ғой. Салықты бәріміз уақытылы төлеуіміз керек», — дейді ол.

Сондай-ақ, ол имамдар мен шіркеудегі дін қызметкерлерінің де «көрсетпей» жүрген табысын тексеруді ұсынды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Алексей Лодочников (@lodochnikov_official_page)

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі