jasqazaq.kz

Соғыс ардагерлеріне 4,6 миллиард теңге көмек көрсетіледі

05 мамыр 2023, 11:57

9 мамыр жеңіс күні қарсаңында екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 4,6 млрд теңге сомасына біржолғы материалдық көмек көрсетіледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі осылай хабарлады.
Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғысқа (ЕДС) қатысқан 222 ардагер, 60 106 – соғыс мүгедегі және жеңіске үлес қосқан өзге де азаматтар тұрады. Олардың ішінде: қоршаудағы Ленинград тұрғындары – 78 адам; кәмелетке толмаған кезде концлагерьде болған – 175 адам; қайтыс болған соғыс мүгедегінің жұбайлары – 2 413 адам; соғыста қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің жесірлері – 4 адам; тыл еңбеккерлері – 57 436 адам.
2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақыны ескере отырып, ай сайын берілетін әлеуметтік төлемдердің орташа жиынтық мөлшері:
— соғыс қатысушылары – 220 754 теңге (161 адам);
— соғыс мүгедектері – 229 286 теңге (61 адам);
— басқа мемлекеттер (Ауғанстан, Вьетнам, Алжир, Мысыр, Ирак және т. б.) аумағындағы әскери іс-қимылдарға қатысушылар – 215 201 теңге (25 752 адам);
— соғыс қатысушыларына теңестірілгендер – 182 782 теңге (3 648 адам);
— соғыс мүгедектеріне жеңілдіктер бойынша теңестірілгендер – 140 838 теңге (14 424 адам);
— тыл еңбеккерлері – 148 892 теңге (57 436 адам).
Адагерлер әскери қызметшілер үшін қолданылатын құқықтар мен кепілдіктерге ие. Салық салу бойынша жеңілдіктерді пайдаланады, Астана және Алматы қалаларындағы мамандандырылған госпитальдарда білікті медициналық көмек көрсетіледі, санаторлық-курорттық емдеу ұсынылады (367 млн теңгеге 1 989 адам).
Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар бюджет және тартылған (демеушілік) қаражат есебінен ардагерлерге мерекелік (естелік) күндерге материалдық көмек түрінде және келесі нысанда қосымша әлеуметтік қолдау түрлерін көрсетеді: тұрғын үйді жөндеу (20,4 млн теңгеге 114 ардагер), отынмен қамтамасыз ету (179,3 млн теңгеге 3 384 адам), қоғамдық көлікте жол жүру жеңілдіктері (116,8 млн теңгеге 6 463 адам), дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету (56,4 млн теңгеге 4 826 адам), тіс протездеу (22 млн теңгеге 239 адам), азық-түлік топтамасы (81,3 млн теңгеге 8 097 адам) және әлеуметтік көмектің басқа да түрлері.
Жыл сайын біржолғы материалдық көмек төлеу дәстүрге айналды. Жеңіс күні қарсаңында жергілікті атқарушы органдар 4,6 млрд теңге сомасында біржолғы көмек көрсетуді көздеп отыр.
Материалдық көмектің ең төменгі кепілдендірілген шегі 1,5 млн теңгеден кем емес мөлшерде белгіленген (Ақтөбе және Павлодар облыстарында – 2 млн теңге). Барлық санаттар бойынша төлемдер 9 мамырға дейін аяқталады.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі