jasqazaq.kz

«Сөгудің қажеті жоқ»: Анар Батырхан Меккеге барып жылап видео түсіретін блогерлерге араша түсті

14 сәуiр 2023, 15:25

Отандық актриса, әнші, блогер Анар Батырхан Меккеге жиі барып, көптің сынына қалған өнердегі әріптестеріне жақтасты. Өнер иесі орамалды әріптестеріне қатысты сұраққа жауап берді.
«Бартерге барды деп блогерлерді сөгудің қажеті жоқ. Ол бартерге барып, құлшылығын жасап, қасиетті мекенде дұғасын тіледі. Бұл — өзіне пайда. Ал, контент жасап, Мекке мен Қағбаның әдемілігін, ерекшелігін құдыретін парақшасында көрсетіп бір insta-досының сол сапарға баруына себепші болды. Бұл — оқырманға жасаған жақсылығы. Бұл – компанияға пайда. Сондықтан, қадірін кетіріп жатыр” деп тек сынай берудің қажеті жоқ. Бұл да бір жақсылыққа шақыру деп ойлаймын. Бұрын расында Меккеге баруға екінің бірінің қолы жетпейтін, қалтасы көтермейтін. Ал, қазір көп адамдардың қажылықта жүргендерін көргенде көз қуанады. Ішіп-шегетін, жамандыққа шақыратын нәрсені насихаттағанша, осындай адалдықты, тазалықты, дұрыс жолды дәріптеу дұрыс деп ойлаймын. Өзімнің әріптестерім немесе таныстарымның қасиетті мекенде жүргенін көргенде іштей қызығушылығым оянып кетеді. Менің де Қағбаны көріп, дұға тілесем деген арманым, ниетім бар. Бұйырып жатса, менің де парақшамнан сол сияқты әдемі видеолар көріп қаларсыздар. Оны көрген көп оқырманның бірі анасын қажылыққа жіберемін деп шешсе немесе өзі барып жатса – бұл да менің жақсылыққа себепші болуым деп білемін», – дейді актриса.

JQ-Aqparat

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура