
Ислам атын жамылған арсыздар өздерінің қаншалықты пасық пиғылды екендігін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр. Қан майданда қасқайып қарсы соғысудан қашқақтаған олар енді қолдарына түскен жан-жануарларды арам ниетіне пайдалана бастаған.
Baq.kz хабарлағандай, ғаламтор бетінде жарияланған мына бір видеода ИШИМ сарбаздарының кішкентай күшікке жарылғыш белдік кигізіп жатқан сәті көрсетіледі. Кейбір деректерге сүйенсек, видео Ирак жерінде түсіріліген. Ал, күшік беліндегі жарылғыш белдік кем дегенде төрт адамның өмірін қиюға қауқарлы көрінеді.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Ирак үкіметінің әскері ИШИМ құрсауынан Мосул шаһарының батыс аудандарын азат ету жұмыстарын жүргізуде.